Талдықорғанда 22 жастағы тұрғын ағасын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Ұсталған күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«11 маусым күні Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға 47 жастағы азамат көптеген пышақ жарақатымен түскен. Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылының тұрғынын өзінің інісі пышақтаған. Тексеру барысында 22 жастағы күдіктінің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір осы факті ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.