
Талдықорғанда пошта қызметкерін тонап кетті. Оның қолында зейнеткерлерге тиесілі 1,5 млн теңге ақша болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 3 ақпан күні болды. Күндізді сағат 11:00-де полиция бөлімшесіне 53 жастағы пошта қызметкері арызданған.
«Пошта қызметкері велосипедпен зейнеткерлер үйіне келе жатқан тұста белгісіз біреу артқы жақтан келіп, артқы жәшігінде жатқан дорбаны алып кеткен. Ал онда 1,5 млн теңге қаражат болған. Жедел-іздестіру шарасы барысында 40 жастағы жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті бұған дейін де сотталған болып шықты», - деді Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 191 бабы 1 бөлігі «Тонау» дерегі бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
