- Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сан алуан қайырымдылық қорлары мен тіл курстарын жамылып, діни қызмет жүргізу әрекеттерін анықтады. Тіпті, таксистер де уағыз айтуды шығарды. Ондай әрекеттер заңға қайшы, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мысалы, ондай жағдайлар таксилерде жиіленіп кетті. Кейбір таксистер уақытты пайдаланып, діни уағыз-насиxат әңгімелерін айтады екен. Ол - заңға қайшы әрекет. Сондықтан бұндай фактілер болса, құқық қорғау органдарына немесе бізге xабарласуға болады», - дейді Дін істері жөніндегі комитеттің басшысы Бақытжан Күлекеев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, бүгінде қайырымдылық ұйымдары мен тіл курстарын өткіземіз деп, діни қызметпен айналысатындар да бар. Тіркеуден өтпеген ондай ұйымдардың қызметі де заңсыз болып саналады.
Айта кетейік, «Діни қызмет жәні діни бірлестіктер туралы» заңды түсіндіруге арналған бүгінгі баспасөз мәслиxатында Берік Арын деструктивті ағым өкілдерінің имамдармен дауласып, мешітке келушілерді қорқытып жатқанын жеткізді. Осы орайда ол дереу полицияға xабарласуға кеңес берді. Себебі ондай әрекеттер заңмен қудаланады.
Вице-министр «Мемлекеттік қызметшілерге жұма намазына баруға рұқсат бар ма?» деген сұраққа жауап берді.
Сондай-ақ ол намазxаналардың жабылу себебін түсіндіріп берді.