#
#
Жұма 30/10/2020

Сырдария өзені тартылып барады, министр мырза!

  • 15.07.2020
  • 0
  • 1828

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке Министр мырза!

Бабалардан қалған “Жұт жеті ағайынды” деген сөз бар. Өзіңіз де хабардар боларсыз Сырдария өзені биыл тартылып қалды деуге болады. Өйткені трансшекаралық өзенге қатысты көрші елдермен ең болмаса бір млд.куб су алудың жолдары жасалынбай қалды. Қазір Шардара су қоймасынан секундына 500 куб.су жіберілуде. Шілденің аяғында бұл көлем тағы да қысқартылуы мүмкін, өйткені Шардараның өзіне жоғарыдан су түсіп жатқан жоқ. 

Демек Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Қазалы аудандарының күріш дақылдары сусыз қалады. Бұл аудандардың негізгі күнкөрісі күріш пен бау бақша өнімдері . Су жетпесе ала жаздай диханшылардың еткен еңбегі зая кетеді деген сөз. 

Жуырда бір топ егіншілермен кездестім. Сіздер “егін ек, мал бақ күндеріңді көріңдер “ дейсіздер, Сырдарияда су жоқ, еккен егініміз судан қалып бара жатыр деп зар қақанда қалай жұбатарымды білмедім. 

Министр мырза, бәлкім өзіңіз, болмаса су комитетінің төрағасы облысқа барып қалыптасқан жағдайды өз көздеріңізбен көріп, тез арада шешім қабылдамасыңыздар кеш болып қалады. 

Мен де парламент мүшесі ретінде сіздермен бірге жұмыс жасауға әзірмін. 

Мұрат Бақтиярұлының жазбасы

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар