15 қаз, 2020 сағат 15:51

"Беймәлім күштер билікті басып алуға талпынған" - Қырғызстанның мемлекет қайраткері

Бүгін қоғам қайраткерлерімен бірге Президентпен өткен кездесуге қатыстым. Жиын күндізгі 1-де тәмам болды. Отставка туралы әңгіме мүлде айтылған емес. Кездесуден соң резиденцияға Садыр Жапаров пен Камчы Ташиев келді...

Міне, аз уақыттан кейін ешкім күтпеген осындай хабар жетіп отыр. Президент лезде ойын өзгертіп, отставкаға кетуді жөн көріпті. Мұндайда бір ғана түйін шығаруға болады: беймәлім күштер билікті қандай да бір амалмен басып алуға талпынған һәм Президенттің алдына мынадай таңдау қойған: "өз еркіңмен кету", я тырнақшасыз, шын мәніндегі соғысқа дайын болу. Әйтпесе, осындай кризис тұсында, ел ішіндегі қиын-қыстау кезеңде орнын тастап кетпес еді...

Енді бұлар Парламентті таратуды талап етіп отыр. Бұл жағдайда билік түбегейлі Премьер-министрдің қолына көшеді. Бәрі түсінікті боп келе жатқандай, дегенмен елді әрі қарай не күтіп тұрғанын алдын-ала жазылған сценарий бойынша бағамдап отырамыз ба?!

Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері,

«Ар-Намыс» партиясының төрағасы

Феликс Куловтың фэйсбуктағы жазбасынан