Мына шәуілдек орыстардың әңгімесінен кейін қазаққа Шыңғысхан тұлғасы не үшін керек екенін түсінген шығарсыздар?!
Тарихи саясаты (“историческая политика”) дұрыс түзілмеген елге мұндай ақпараттық шабуыл үнемі жасала береді. Әгәрәкі, бізді әлем (әуелі өзіміз, әрине, түйсінсек) Шыңғысхан империясының, Алтын Орда мемлекетінің заңды мұрагері деп таныса, территориялар жөнінде олар емес, біз әңгіме айтар едік.
Кейінгі жылдары солтүстік көрші тарапынан оқтын-оқтын жасалып жатқан “ақпараттық түртіп көру” ойыны (“информационный вброс”) ертең үлкен территориялық талаптарға ұласуы мүмкін. Сол кезде өзіміздің санамызда оянған, әлем мойындаған тарихты алға тарту арқылы ғана біз мұндай қоқан-лоққыдан құтыла аламыз. Қазаққа Түркі империясы, Шыңғысхан, Алтын Орда тарихы не үшін керек дегендерге нақты жауап - осы.
Ал, бұған қалай қол жеткіземіз десеңіздер, біздің тарихқа орыс шовинизмі, коммунистік парадигмасынан қарауды доғару керек. Өкінішке қарай, тарихымызға деген мұндай көзқарас біздің қанымызға әбден сіңіп кеткен. Содан арылмасақ, өз тарихымызға әуелі өзіміз сенбесек, осылай мәжін боп жүре береміз...
Ақберен Елгезектің фэйсбуктағы жазбасынан