2020 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама ұсынылды. Бұл туралы ANTIKOR News-тің Telegram каналында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құжаттың мақсаты – қоғамды 2020 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы хабардар ету.
Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен әріптестік, жауапкершіліктің бұлтартпастығы бойынша қабылданған заңнамалық және практикалық шаралар, сондай-ақ БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін, Еуропа Кеңесінің ГРЕКО басты қағидаттарын және ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар берілген.
Баяндамада Covid-19 пандемиясы кезінде және дағдарысқа қарсы қаражатты игеру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрі жолын кесу туралы ақпаратқа ерекше назар аударылды.
Мұнымен қоса онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық қорытындылары көрініс тапты, уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі баяндалды.
Баяндаманың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.
