Фото: Polisia.kz
Қостанай қаласында екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен 22 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейін бірнеше қылмыстық әрекетке барған. Ол жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Соның салдарынан екі студент оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген.
Қазіргі таңда күдіктіге тұрғылықты жерінен шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
Құқық қорғау органдары тергеуді жалғастырып, күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
