11 жел, 2016 сағат 12:12

Ыстамбұллда екі жарылыстан ондаған адам қаза тапты

Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Стамбул, Түркия, 10 желтоқсан 2016 жыл.

Түркияның Ыстамбұл қаласында сенбінің кешінде болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, мерт болғандардың 27-сі – полиция қызметкерлері. Ол жарылысқа байланысты он адам ұсталғанын айтқан.

Билік өкілінің сөзінше, түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында ойын өтіп жатқан Vodafone Arena стадионы маңында полицияның арнайы жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікте жарылғыш зат іске қосылған. Одан зардап шеккендердің көбі полиция қызметкерлері деп хабарланды.

Бұдан кейін стадионнан көрермендер шығып жатқан сәтте екінші стадион жанындағы бақта екінші жарылыс болған. Полицияның хабарлауынша, бұл жарылысты жанкешті жасаған.

Түркия көлік министрі Ахмет Арслан Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында Ыстамбұлдағы жарылыстарды «теракт» деп атаған.

Әзірше бұл жарылыстарға жауапкершілікті ешкім алған жоқ.