Грузин ұлтынан шыққан әйгілі орыс революционері, советтік мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы Иосиф Сталинді соңғы сапарға шығарып салу жиынының видеосы жария етілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Настоящее Время" порталына сілтеме жасап.
Бұл тарихи оқиғаны американ майоры Мартин Манхофф түсіріп алған. Ол - 1950-52 жылдар аралығында АҚШ-тың Совет Одағындағы Бас консулдығында әскери-атташе көмекшісі болып қызмет атқарған. Дарынды фотограф Мәскеу мен оның сыртындағы қалалар тұрмысын бейнелейтін суреттер галереясын жинақтаған. Сол кезеңде ол бірнеше жыл таспада сақталған әйгілі жиынды да түсіріп үлгерген. Тыңшылық ісі бойынша айыпталып, елден қуылған жігіт кей құнды дүниелерді өзімен бірге ала кеткен. Соның ішінде бейнежазба да бар. Ал, оны Сиэттлдан шыққан тарихшы Дуглас Смит тауып алып, әлем жұртшылығының назарына ұсынған.
Ұлт порталы