09 ақп, 2021 сағат 13:15

СССР паспортымен жүрген жетісайлық жаңа куәлік алды

СССР паспортымен жүрген Түркістан облысының Жетісай ауданының тұрғыны жаңа жеке куәлік алды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, полиция ҚР азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан науқан барысында СССР паспортымен жүрген азаматшаны анықтаған. 

«2021 жылы қаңтар айында Жетісай аудандық ПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері жергілікті тұрғын Клара Мырзабекқызы Молдашева мерзімі өткен 1974 жылғы үлгідегі СССР паспортымен жүргендігін анықтады. Сұрастыру барысында белгілі болғандай, ол денсаулығына байланысты және өзіне аса қажет болмаған соң бүгінгі күнге дейін төлқұжатын жасатуға бармай жүрген. Тұрғынның жеке төлқұжатына қажетті құжаттар рәсімделіп, жаңа үлгідегі жеке куәлігі жасалады. Полицейлер дайын құжатты иесіне табыстады», делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға құжатын заңға сай дұрыс жасауын қадағалауға кеңес береді.