Фото: Алматы әкімдігі
Спорт журналисі Рауан Оқас Алматыда өткен халықаралық футбол матчында «Алматы столица мира» деп орыс тілінде ұрандатқан жанкүйерлерді сынады, деп хабарлайды Ult.kz Ara.Media.kaz парақшасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, халықаралық деңгейдегі матчта «Қайрат» жанкүйерлерінің орысша ұрандатқаны – ұят.
«Филологтар шақырып, фанаттар тобымен жұмыс істеуге болар еді. Қазақтың сөзі бай, стадионда айтуға болатын лайықты әндер бар», – деп жазды журналист.
Рауан Оқас халықаралық матч кезінде шетелдік әріптестерінің алдында ұялғанын да айтты.
«Алматы столица мира емес, әлемнің де, Қазақстанның да астанасы емес. Алматы жай ғана әлем қаласы. Оған аса бір мидың қажеті жоқ», – деп жазды ол.
Журналист Ресейлік БАҚ өкілдерінің де бұл жағдайды дұрыс емес деп атап өткенін жеткізді.
