08 жел, 2020 сағат 09:28

СOVID-19: Екі облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

Өңірлердің 8 желтоқсандағы эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасына сәйкес, жалпы Қазақстан «жасыл» аймақта тұр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлерінің 8 желтоқсандағы эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасы мынадай

Павлодар және Солтүстік Қазақстан «қызыл» аймақта; 

Нұр-Сұлтан қаласы, ШҚО, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары «сары» аймақта; 

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта тұр. 

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте Қазақстанда өткен тәулікте 670 адамнан коронавирус анықталып, 548 адам жазылып шыққан болатын.