#
#
Дүйсенбі 03/08/2020

Солтүстік Қазақстанда мұз қатқан көлден 10 аққу құтқарылды

  • 12.11.2019
  • 0
  • 464

Петропавл қаласының маңында мұз қатқан көлден 10 аққу құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-те жазды.

«2019 жылдың 12 қарашасында Петропавл қаласының маңында Солтүстік Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары мұздана бастаған су қоймасынан 10 аққуды құтқарды. Инспекторлар төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге құстарды мұз қатпаған «Белое» көліне жіберді. Аумақтық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өңірдегі мұндай жағдайларға тұрақты мониторинг жүргізеді. Жыл сайын қыс түскенде табиғат инспекторлары жүздеген жабайы аңдарды құтқарады», - делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар