24 шіл, 2024 сағат 14:09

"Сол қыз ұтады": Айқын Төлепберген АҚШ-тағы президент сайлауында кім жеңетінін болжады


Фото: ашық дереккөзден
Әнші Айқын Төлепберген әлемдік саясат туралы сөз қозғап, АҚШ-тағы президент сайлауында кім жеңетінін болжады, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

«Джо Байден президент сайлауынан бас тартты. Демократтардың атынан президенттікке елдің қазіргі вице-президенті Камала Харрис ұсынылады. Сол қыз ұтады. Себебі, ол – азиат. Барлық азиаттар оған дауыс береді. Қытайлар, үнділер... Оған қоса ол – әйел. Барлық қыздар мен әйелдер дауысы да соныкі. Тәжірибесі мол заңгер. АҚШ-та тұңғыш рет әйел президент болғалы жатыр. Егер әйел президент бола алмайды демсеңіздер, қараңыздар! Томирис, Екатерина, Клеопатра, Елизавета,  Дейнерис. Сондықтан мен сол қызға бәс тігемін», - дейді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, АҚШ-тың президенттік сайлауына жарыстан қазіргі президенті Джо Байден шығып кеткесін, оның орнына демократтар тарапынан вице-президент Камала Харрис түсіп жатыр. Ол қазіргі уақытта республикалықтардың атынан ұсынылып отырған экс-президент Дональд Трамптың басты қарсыласы.