#
#
Сейсенбі 11/08/2020

«Smart Astana» мобильдік қосымшасында отандық радиоларды тыңдауға болады

  • 09.12.2019
  • 0
  • 398

«Smart Astana» мобильдік қосымшасы арқылы енді қазақстандық радиоларды тыңдауға болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өз телефоныңызда музыканы тегін тыңдағыңыз келе ме? Енді ол «Smart Astana» мобильдік қосымшасында қолжетімді. Оған ең танымал төрт радио енді. Олар – Қазақ радиосы, «Classic» радиосы, «Шалқар» радиосы және «Астана» радиосы», - деп жазды М.Бектұрова Telegram-да.

Айта кетейік бүгінде «Smart Astana» мобильдік қосымшасында 70-тен астам сервис пен қызмет түрлері ұсынылған. Олардың арасында ең көп сұранысқа ие функциялар - дәрігер қабылдауына жазылу, әкімшілік айыппұлдар мен заңбұзушылықтарды тексеру, еңбекке жарамсыздық парағының түпнұсқалығын, тұрғын үй кезегін, көліктің техникалық бақылауына қатысты мәліметтерді көру.

«Бұдан бөлек, осы платформада қайырымдылық жобасына ақшаны жылдам және қауіпсіз аударуға болады. Яғни, краудфандингілік платформа ашық», - дейді әкім орынбасары.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар