Солтүстік Қазақстан облысында 3 сәуірде COVID-19 жұқтырған тағы 7 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kzсілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында 3 сәуірде COVID-19 жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Тайынша ауданында-2, Қызылжар ауданында-1, Петропавл қаласында - 4 науқас тіркелген. Оның 2-і ауру жұқтырған пациенттермен байланыста болғандарды тексеру барысында анықталды.
Қазіргі уақытта пациенттер оқшауланған және ем алуда.
Осы азаматтармен қарым-қатынаста болғандарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда өңірде коронавирус індетімен жалпы 18 адам тіркелген.