05 нау, 2021 сағат 12:22

Скляр мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр еліміздің Энергетика министрлігіне мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүзеге асырылып жатқан мұнай-газ химиясы өндірісін жеделдету, сонымен қатар әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар қабылдау міндетін жүктеген болатын. Осыған орай, бұл саласының еліміз үшін маңыздылығын ескере отырып, 2025 жылға дейін мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылуын және инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды өтінемін», - деді Үкімет басшысының орынбасары ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.