Сирия үкіметі БҰҰ-ның Алеппоның шығыс бөлігіне соғысты тоқтатып, бейбітшілік орнату үшін автономия беру туралы ұсынысынан бас тартты. 2012 жылдан бастап қала екі бөлікке бөлінген - үкімет батыс бөлігін билесе, оппозиция шығыс бөлігіне бақылау жасайды.
Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, Сирияның сыртқы істер министрі Валид Муаллем Алеппоның шығыс бөлігінен оппозиция толық шығарылғаннан кейін мемлекеттік институттар қайта қалпына келуге тиіс деп мәлімдеген. БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесуден кейін сөйлеген сөзінде Муалллем үкімет Алеппоның шығысына шабуылды бәсеңдету жөнінде ешнәрсе айтпаған. Муаллем Сирия Алеппоның шығысындағы алты мың содыр үшін 275 мың адамды кепіл ретінде қалдырмайды деген.
"Біз Алеппоның шығысынан бейбіт тұрғындар соғыстан зардап шегуді тоқтату үшін террористер ол аймақтан шығу қажет деп келістік", - дейді ол.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Элизабет Хофф соңғы бес күнде үкіметтің Алеппоның шығысына шабуылдауы салдарынан барлық медициналық мекемелер қирап қалды деп хабарлады.
Сирияның құқық қорғаушылары 15 қарашадан бері жүздеген бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, 20 қарашадан бері зымыран оғынан жеті баланың көз жұмғанын айтады.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.