Қыркүйекте жаңбыр жауып, екпінді жел соғып және ауа температурасы жиі өзгереді. Синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, қыркүйектің бірінші онкүндігінде күн жылы болып, жауын-шашын аз түседі. Содан кейін атмосфералық фронттардың жиі өзгеруі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райына алып келеді.
Қыркүйекте жаңбыр жауып, екпінді жел соғып және ауа температурасының жиі өзгеруі күтіледі, ал солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C дейін үсік болуы мүмкін.
Оңтүстік өңірлерде жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжанды. Температура фоны салыстырмалы түрде жылы болып қалады.
Алайда ай бойы ауа температурасы: түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Қыркүйек айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары болады. Батыста, еліміздің қиыр шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда норма шамасында болжанды.
Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп деп болжанса, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады дейді мамандар.
Қазан және қараша айларында күн салқындап күзден қысқа біртіндеп ауысу байқалды. Жалпы алғанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы алдағы жылдармен салыстырғанда әдеттегіден төмен болады, ал жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп болады деп болжанған.
Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен орталығында, жауын-шашын нормадан аз болуы ықтимал.