Елордада тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсті. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
«Елордада қарашаның 24 бастап жауған қар толассыз әлі жауып тұр. Осы аралықта 25 мм жауын-шашын түсті. Қардың биіктігі 28 см құрады. Жалпы елордада қараша айында жауын-шашын нормасы — 28 мм мөлшерін қамтыды. Солайша, бір күнде еліміздің бас қаласына айлық жауын-шашын түсті — қардың жаууы, әлі де жалғасатын болады. Гидрометорталықтың болжамы бойынша жауын-шашын сағат 16.00-де тоқтайды», - делінген хабарламада.
Жалпы, 1-25 қараша аралығында елордаға 45.1 мм жауын-шашын түскен. Бұл норманың екі есе асып кетуін көрсетеді.
Еске салсақ, елордада қалың қар жаууына байланысты автобустар уақытынан кешігіп, қала көшелерінде көлік кептелісі байқалды.
781 рет оқылды