Фото: Reuters
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың мәлімдеуінше, Дохаға жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазіргі уақытта елшілікке Қазақстан азаматтарынан көмек сұрап, ешкім хабарласпаған.
Қатарда шамамен 1,5 мың қазақстандық тұрады, олардың 516-сы консулдық есепке алынған. Әлібек Бақаевтың айтуынша, олармен тұрақты байланыс орнатылған.
Айта кетейік, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац Х-те жарияланған бірлескен мәлімдемеде Дохада ХАМАС басшылығына соққы жасалғанын растады.
