06 сәу, 2021 сағат 12:40

СІМ Иорданиядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде орын алған оқиғаны мұқият бақылауда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды.

Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды.

Айта кетейік, 2017 жылы қарашада Король Абдалла ІІ ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік атты алғашқы Назарбаев сыйлығымен марапатталды.