01 там, 2017 сағат 07:14

Шыңғыс ханды түрік қылған Рашид-ад-дин

Зерттеушілердің Рашид-ад-динді Рашиден деп атайтын бір үрдіс бар. Бізде осыны ұстаналық. Алдыңғы жазғандарымызда біздің қият-қыпшақты түрік емес дегенімізге бір комментші Рашиденнің Шыңғыс ханның маңғолдар жөнінде жазғанындағы күллі көшпенді тайпаларын, маңғолымен қоса түрік атағанын келтіріпті. Ал енді, Ресей ғалымдарының осы Рашиденді «пантюркизмнің атасы» дегендерін осы  білгіш біле ме екен? Орыстар бекер айтпаған. Өйткені, олар Рашиденнің, Әбілғазының  келтірген деректерінен қаңлы, қыпшақ, қарлұқтардың Оғыздардан бөлек болғандарын көріп, білген, Оғыз дегеніміз түрік болса. Меніңше, тарихта Оғыз бен Өгіз ұғымы шатасып кеткен. Өгіз дегеніміз зороастралық дінде болған, ірі қара малын қадыр тұтқан, сол ірі қараның, яғни, Турдың (бұқа) атымен аталған Турандықтар. Яғни, Өгіз елі.  Өгіз елінің басты таңбасы дұрыс үшбұрышты таңба, біздердің «тұмар» атап кеткен таңбамыз. Бұл тумар таңбаға төменде арнайы тоқталатын боламыз.

 Ал енді, кейбір білгіштердің орыстың деректеріне жалтақтамау керек екендерін айтқандары жәй ғана бір, Серікбол Қондыбай айтқан «қазақбайшылықтан» болған сөз. Қазақтың ұлылары Шоқан, Әлихан, Мұхамеджандар өздерін қырғыз атап жүргендерінде орыстарда Орыс Географиялық қоғамы болған. Аристов, Левшин, Востров сияқты олардың этнографтары сол кездегі қазақты зерттеп, олардың арғы тегінің өте мықты болғанын білген. Қырғыздан бөліп қырғыз-қайсақ атаған. Яғни, Осман империясын құрған каилік сақтар екендерін айтқан. Қайсысы жеткізгенін кім білсін, орыстың қатын патшасы қазақтардың өздерінің бабаларының кімдер болғанын білсе, олардың әлемді жаулап алатындарын айтқан дейді. Меніңше, қазіргі билік те осы қағиданы ұстананатын сыңайлы. Сондықтан да, Шыңғыс ханды қазақ етуге елімізде тыйым салғынғандай. Өйткені, Шыңғыс хан момын мэну-шивей, мәни-манақ емес, сонау Ресей империясының замандарынан бері  ереуілшілдігі үшін қырғынға ұшырап келген адай тегі болып келе жатыр. «Шыңғыс хан қазақ болмасын, түрік болсын» деген талап тек қана күлкіні келтіреді.  Ендігі әңгіме, орыстар, және де жалғыз орыстар ғана емес, Европа ғалымдарының да «пантюркизмнің атасы» деген Рашиденнің айтқандарын талдалық.

 Этнограф И.П. Петрушевский «Рашид-ад-Дин және оның еңбегі» атты мақаласында: «Өзінің көптеген замандастары сияқты Рашид-ад-дин Азияның барлық мал бағушы көшпенді халықтарын біресе түркі тілді, біресе маңғол тілді деп, және де көптеген  халықты біресе түрік, біресе маңғол деп таңбалайды. Осыдан біздер «түрік» дегенді этникалық емес, тұрмыс-салттық, әлеуметтік термин деп ұғамыз» дейді.  Ал енді қытай деректеріндегі қаңлы, қыпшақтардың салт-дәстүрлерінің түрікке ұқсас дегендерінен біздер бұлардың түріктерден бөлек массивтер болғанын түсінеміз. Осы жөнінде көрнекті көшпендітанушы С. Кляшторный мен қазақстандық түркітанушы Ю. Зуевтің еңбектерінде дәлелімен айтылған. Рашиден Ергене қоңға кеткендерді аңыздың басты нұсқасында болмаған маңғолдар деп, бұл аңыздың басты нұсқасындағы Тоғыздың (тохар) орнына Нүкүзді, яғни, Нұх пайғамбарды не себептен енгізіп жіберген? Міне, орыстар айтатындай: «Вот в чем вопрос». Нүкүз дегеніміз Нұх+ыз, яғни, оғ+ыз дегендегі  сияқты, Нұхтар, Нұхтықтар  дегенді білдіреді. Яғни, шежірелік дәстүрге сай бұл жерде «пайғамбар», және «топан су» деген ұғым жасырылған. Міне, осы топан суға аңыздағы Ергене қоңның тікелей  қатысы барын төменде айтатын  боламыз. Алдыңғы жазғандарымызда Ергене қоңға кетті дегендердің Қиян, парсыша кейаниан (кай әулеті) мен Тоғыз-тохар (юечжи) екендерін айтқан едік. Осылар жөнінде жол-жөнекей тағы да айтатын боламыз.  Ергене қоң аңызының басты нұсқасын ең қол жетімді деген біздің «Ұлттық энциклопедиямыздан» біле жатарсыздар.

 Рашиден, егерде оның жазғандарын бедел көрсек, «Жылнамалар  жинағында» маңғол деген сөздің  «мұң+гол - әлсіз, ақкөңіл деген мағына беретінін айтады. Яғни, бұл шежіренің айтқан бірінші  «мұң»  сөзі. Екінші  «Оғызнама» еңбегінде ғалым маңғол атауының нақты мағынасын сол заманда орын алған оқиғалар арқылы түсіндіреді. Онда, Оғыздың ағайындары оның хан болғанына қарсы болып соғыс ашылғанда, ағайындарды жақтағандардың маңғол атанғандары айтылады. Сондағы Рашиденнің айтқаны: «Оғыздың оларды мовал дегені: «Әрқашан көңілдеріңе (ақ көңілдеріңе. Қ.З.) мұң алып, бақытзыздықтан қысылыңдар. Иттің терісін жамылып, құстың етін ғана жеп, ешқашан да Түркістанда  көзге көрінбеңдер». (Туранда. Қ.З.). Демек, бұл шежіредегі кездесетін екінші «мұң» сөзі.   «Ер кезегі үш мәрте» дегендей, бұл этнонимге қатысты үшінші «мұң» сөзін біздер «Шежіре түрікті» жазған Әблғазының «мұңол» дегенінен көреміз. Әбілғазы да, Рашиден сияқты бұл сөздің «печаль», яғни, көңілдің мұңалғаны екенін айтады. Мұң+ол дегені өзбекше айтылған мұң+ал сөзі.  Рашиденнің айтқанынан біздер  тарихтағы осы себептерден бұл халықтың ақ көңілінің мұңалғанын көреміз. (мұңайған). Меніңше бұл жамиғаттың басты атауы «мұңалғандар» болса керек. Бұл жерде бір ескерте кететін жәй, Рашиден де, Әбілғазы хан да, мағолдың тарихын  да, шежірені де, бәрімізден артық білген. Және, де біздің сүйенер ең басты дерегіміз осылардың маңғол тарихына арнап біздер үшін жазып кеткендері.  Не жазғандарын көріп отырсыздар. Мағол дегені мұңал екен. Бұл сөз орта ғасырларда мұғал деп айтылып жүрген. Осыдан кейін олар Шығыс жаққа, яғни, тарихи отандарын тастап Маңғол үстірті жаққа кеткен. Ол жақтағы таңбалы тастарда «аде-эдиз» түрінде жазылып қалған бұларды көптеген зерттеушілер, соның ішінде біздер де - адай-таз деп ұғамыз.  Осымен қатар олардың тарихи құжаттарда «баяуыт» аталып жүргендері белгілі. Рашиден «ақ көңілді» деп бұл Адайды дәл айтқан. Осымен қатар ол бұлардың тегі жөнінде «арғы тегі мүлдем белгісіз» дейді. Анығында, жылнаманы жазуға тапсырыс берген Газан хан да, Рашиден де, бұлардың  тегін жақсы білген. Тегін жасырудың себебі, Шыңғыс ханның ата-баба әулетінің монархиялық әулет болмағанында жатыр.  Ол заманда хан тағына тек қана хан әулетінің өкілдері отыратын болған. Шыңғыс ханның бабасы бөржігін Қабыл  өз арасында қаған болып көтерілгенде қытайлар оны «заңсыз император» деген. («Мен-да Беу-лу». Чжао Хун. кит. )  Міне, осыдан кейін Қабылдың өзінен жеті ұл болса да, хан тағын тайчиут Әмбегейге өсиет еткен. Тайчиуттар шарахай линкумның ұрпақтары болып есептеледі. Шарахай дегеніміз шара каи, яғни, сары каилер. Осыны білген қытайлар оларға тайцзиут деген атақ берген. Тайцзи – ханзада, ут – әулет. Сондықтан, Шыңғыс ханның өсиеті бойынша, оның әулеті  өздерін нағыз қияттан, яғни, патшалық  Кай әулетінен таратқан. Осы күнге дейін осылай таратады. Олардың тегін жақсы білгенін Рашиден Газан хан туралы жазғандарында: «Маңғолдар туралы бізге белгілі, біл жылнамада айтылмаған көптеген құпиялар бар» деп айтып кеткен еді.

 Рашиденнің айтқандарынан біздер бұлармен соғысқандардың түркімен, ұйғыр екендерін ұғамыз. Адайлардың арасында осы күнге дейін түркімендермен болған соғыс хикаялары айтылады. Бұлар бір-біріне ата жау. Касен Қожа-Ахметтің айтқанында түркімендер жоғарғы мұңалдарды өздерінен бөлек «ағайынға» санаған. Яғни, бір атаның екі баласынан тарағандар екендерін айтады. Бұл оқиғалар Туран заманында болса керек. Авестада аталатын Кангха қамалы  осы Турандықтардіқі еді. Ал енді, осы Канғха қамалы қазқатың «Алпамыс» жырында «Қарақан тауда қамалым» деп айтылған, Қазақтың туған жері  Ергене қоң болады. Кангха  қамалының Мәуреннахрда, яғни, Амудария мен Сырдария өзендерінің маңында екенін талай зерттеуші айтқан. Академик В.Бартольд өзінің зерттеулерінде: «Қумандар мен қыпшақтардың бір екендеріне, және де олардың қаңлылармен жақын туыс екендеріне еш күмән келтіруге жатпайды, 12-13 ғасырлардағы мұсылмен жазушылары қаңлы мен қыпшақты синонимдердей айтады» деген екен. Сондықтан біздер бұл жерде қаңлы-қыпшақ дегенімізді Мұхтар Әуезов айтқандай қият-қыпшақ деп алалық. Қият дегеніміз кай+ут, яғни, каилер әулеті болады. Солтүстікте бұлар Түрік қағанаттары замандарында бұлардың бір бөлігі Шара және Каи деп те аталып жүрген. Шара дегеніміз Сары, яғни, сары қаңлы болады. Осман империясын құрғандар осы сары қаңлылардан еді. Қазақ тарихшысы Әйтім Абдрахманов: «Тарихи әдебиетте қаңлылар жөніндегі деректер 14 ғ. авторы Рашид-ад-диннің еңбегінде кездеседі.  Онда автор қаңлыны Огуздың тікелей ұрпағы ретінде емес, оғызға қосылған, ағайындас інілері ретінде береді» дейді. Ары қарай Әйтім ағамыз Рашиденнің мына сөздерін келтіреді: «Ақырында Оғыз жеңіп, Талас, Сайрам, Бұхараға дейінгі билікті алды; осы жер сонікі болды. Бұл аймақ Оғызға бағынып ол енді билік құрғанда, Алтын Орда (шатер) тігіп ұлы той жасады: барлық туыстары мен әмірлерді құрметтеп, әскерді  бауырына басты, өзін қолдаған барлық ағайындарына, руларға «ұйғыр» деген атау  берді,  өйткені, бұл сөз түркі тілінде «ұйығу, «көмектесу» дегенді білдіреді. Ұйғырлардың барлық тайпалары осылар. Басқа тайпаны ол Қаңлы деп атады».

 Міне, бұл жердегі «басқа тайпа Қаңлы» дегенді біздер Қазақ деп ұғамыз, өйткені, «Қазақ болмағанда Қаңлы болған» деген сөз осыны айтып тұр. Осы тұста болар, Қаңлылардың  оқшауланып Қазақ атанғандары. Сондықтан да, аталарымыз шежіреде өздерін Сыбайдан, яғни, жалғыз өзі бөлініп сыбай кеткеннен бастайды. Осымен қатар сыбай сөзінен «сыбай қоныс» деген сөз шығады, яғни, біреумен жақын көрші отырды деген мағынада. Қият-қыпшаққа сыбай қоныс болғандар адайлар еді. Жоғарғы мұңалдар осылардың құрамында. Қаңлылар Геродот айтқан хан сақтарының ұрпақтары болса, адайлар парадарая сақтар, яғни, су сақтары.  Сондықтан да Қазақ шежіресі мағолды, яғни, мұғал-мұңалды созақтан таратқан. Созақтың бастапқы нұсқасының су сақ екенін қазақ тарихшылары «Қазақстан этнотопонимикасы» атты ғылыми еңбекте дәлелдеп кеткен. Ал енді, өз кезегінде сақтардың арийлердің ұрпақтары екендері анық. Сондықтан да біздер арий-сақ деген терминді қолдандық.

 Жоғарыда Рашиденнің айтқанындағы мұңалдардың ағайындарымен қырқысып әрмен кеткендерін, тек қана құстың етін жеп қалғандарын «Құпия шежіредегі» кіші ұл Боданжардың, өз  ағайындары шеттеткен соң жапанға кетіп қаршыға салып, қаздың жүнін қарша бұрқыратқанынан да көреміз. Сондықтан да оның әулеті «қаршыға» таңбасын алған. Бұл біз білетін свастика таңбасы еді.  Свастиканың ұшындағы қайқайғандарының оң жаққа қарап тұрғаны Шығысты білдіреді. Демек, бұл таңба мұңалдардың Рашиден айтқандай Шығысқа кеткендерін растап тұр. Сондықтан да, біздер «Құпия шежіреде» айтылған «хамағ мағол» дегендердің тек қана Боданжардың, яғни, «құс етін ғана жеңдер» деген мұңалдар әулеті екенін түсінеміз. Яғни, «жасыл-сұр көзділер» атанған қият-бөржігіндер. Қият-қыпшақтар мен қият-бөріжігіндердің екі бөлек сала екендерін Рашиден де (басқа сала), генетик ғалымдар да айтады. Демек, жоғарыда айтылғандай, Шыңғыс хан қият-қыпшақ  емес, соларға кірме рудан шыққан. Сондықтан да, ол шежіресінде қият-қыпшақ Дубун-Баяннан тарап тұрған жоқ. Боданжардың баяуыт-мағалықтан туғанын белгілі маңғолтанушы, доктор Зарлықан Қинаятұлы айтып кеткен еді. Қытайшаланып, маңғолшаланып «баяуыт-маалих» деп айтылған бұл баяуыттың, доктор Талас Омарбектің айтқанындағы байұлы екені анық. Маалих дегеніміз мұңаллық болмақ. Мағол атауы осы маалихтен, яғни, маалдан қалған. Рубрук мұңал сөзінің  естілуін дәл келтіріп «моал» деген еді.

 Қият-қыпшақтар Юечжи-Кушан патшаларының үш аша таңбасын алып кетсе, Түрік дегендері ғұндардың, яғни, монголоидтардың «тау ешкі», және де қытайдың «аждаһа жылан» таңбасын алған.  Яғни, шежіресінде қытай Шун Вейден тарап тұрған ғұндардың ұрпақтары қытайдың үлкен аждаһа жыланынның орнына «кіші жыланды» алған. Атасы қытай ғұндардың да, Иорданның айтқанындағы ұлы ғұн Аттиланың да қысық көз монголоид тектес болғандары анық. Сергей Кляшторныйдың түрік атасы Ашинаны ұйғыр дегенінің себебі, аңыздағы қаншық қасқырмен жұптас болған жігіт гайгюйлерден (ұйғырдан) болған. Ал енді, бөрі төтемі таза ғана ғұндардікі болады. Әрине, бұл жерде адам мен бөрінің емес, ұйғыр мен атасы қытай ғұндардың сүйек-шатысы айтылып тұр. Ю.Зуев болса, Бумын, Естеми деген қағандардың есімдерінің түркі тілді (оқы қыпшақ) халықтікі емес екендерін айтқан екен. Қият-қыпшақтарда бөрі төтемі болған емес. Тарихи деректердегі «ильбари кипчак», дегенді ғалымдар надандықтарынан «елбөрі қыпшақ» деп айтқан еді. Анығында, ильбари, урбели, юйлибейли, половцы орыпльюеве дегендері арбалы дегенді білдіреді. Яғни, арбалы қыпшақ - қаңлы. Түрік қағандарында қазіргі қазақ тайпаларының аталарының бірде бір таңбасы болмаған. Тек қана бас қолбасшы болған Танакөкте қазақтың тұмар таңбасы мен, Юечжи-Кушан патшалығындағы патшаның  төрт аша таңбасы болған. Танакөк болса карлық, жоғарыда айтқанымыздай түрікке жатпайтын тайпадан болған. Оның шыққан Ашидэ әулеті жөнінде тарихта: «Ертедегі бір қағанның әулеті» деп қана айтылады. Меніңше бұл әулеттің атасы арийлік Кей Оседень болса керек. Оседень мен Ашидэ  атауларының айтылуы жағынан  үндес екендері айдан анық. Оседень дегені қытайшаланып Ашидэ болып айтылып кеткендей. Төрт аша таңба юечжи-кушандардың бір алтын теңгесінде көрсетілген. Бұл таңба қазіргі Қырым татарларындағы Абызлы деген тармақта бар. Каи деген сөздің Кави, яғни, абыз-ақын патша дегеннен болғанын айтқан едік. Абызлы дегеніміз осы кавилерді білдіріп тұр.  Яғни, түбі кави-қыпшақ, С.Кляшторный айтқан «ковы кыбчак».  Алтын теңгеде көрсетілген таңбаларынан біздер Юечжи-Кушан патшалығын құрғандардың парсыша кейаниандар аталатын, Кай әулетінің патшалары екендерін ұғамыз.  Олардың Турандықтар, яғни, Өгіздер екендерін біздер сол алтын теңгелердегі құйрығы кесілген өгіздің бейнесінен білеміз. Олар өгіздің құйрығын кесіп алып тақтың жоғарғы жағына іліп қоятын болған. Кесілген құйрық та, Өгіз де, патшалық дәрежені білдіретін болған.  Міне, осы үрдіске қатысты біздер қазақтың төре деген сөзінің бастапқы нұсқасының  Тур, яғни Өгіз екенін айттық. Осыдан, шежіресінде Өкірештен, яғни, кіші бұқадан тарап тұрған наймандардың неліктен төре-найман атанғандарының себебін түсінеміз. Және де, дұрыс үшбұрыш тұмар таңбалы Танакөктің осы патшалардың ұрпағы болғанын болжаймыз. Бұл таңбаның мағынасы – қасиетті сиыр ананың ұлы, яғни, Өкіреш. Кейбір тарихшылардың Танакөкті найман дейтіндері осыдан. Танакөктің ұрпағы Тата тоңғ найман хандарының канцеляриясын басқарған. Кейін, Шыңғыс ханға қызмет еткен. Енді, Қаңлының шыққан жеріне, яғни, Қангха қамалына, Ергене қоңға, келелік.

 Кангха қамалы мен Қаңлының бір сөз екенін талай тарихшылар айтқан. Бұл арада айтарлықтай дау жоқ. Сондықтан да, біз авесталық, мифологиялық Кангха қамалының  қай жақта қалғанын қаңлылардың жүрген жері арқылы анықтай аламыз. Осы жөнінде жаңа заманымызда қазақтың тарихын жаңаша жазып кеткен, ұлты беларус ғалым Сергей Кляшторный былай дейді: «Демек, Кангюйдің (қаңлы. Қ.З.) үйсіндермен шектескен шығыс, және де оңтүстік-шығыс жерлері Жетісудың батысында, Орта Сырдарияда орналасқан.  Кангюйдің бұл локализациясы зерттеу әдебиетінде кангюй тайпаларының Талас пен төменгі Шу өзенінің арасында, оңтүстігінде Ташкент оазисімен, солтүстігінде Сырдарияның төмен жағымен шектеседі деген гипотезаға негіз болды. Ақырғы кездегі археологиялық зерттеулер бұл көзқарасты күшейтті. Кангюй проблемасымен айналысқан барлық зерттеушілер, осының дұрыстығына күмән келтірілмген – Жан Шианның Кангюйімен Авесталық Кангханың бір екені жөніндегі айқындықтан бастау алады».

 Осыдан біздер Қангға қамалының қаңлынікі екенін түсінеміз. Және де, олардың ежелгі уйсіндерден бөлек массив болғандарын да көреміз.  Сондағы, Ергене қоң аңызының басты нұсқасындағы Каян, каиан дегеніміз Қаңлы елі болады. Ергене қоңнан шыққандарына ешкім де күмән келтірмейтін Қоңырат этнонимінің басты нұсқасының, қара қытайлар атап кеткен канг+арат, яғни, қаңлы елі дегеніміз осыдан болды. Әлкей Марғұлан ағамыздың қоңыраттың «босаға» таңбасын «күллі қазақтың таңбасы» дегені өте дұрыс айтылған. Және де ол кісі бұл таңбаның аңыздағы Ергене қоңның босағасын (қақпасын) білдіріп тұрғанын айтқан екен. Қаңлылардың бастапқы локлизациясын білдік. Сонда, Қиянымыз Қаян, яғни, каи-қаңлы болғанда, Ергене қоңды Алтай тауларынан  іздеп жүргендердің қаңғырып кеткендерін түсінеміз. Алай да, қаңлының түп-тамырының Алтайдан шыққандарын да айтқандар бар. Осыған дау айтпай-ақ қойып, Қиян мен Нүкүздің Ергене қоңды аңыздың айтуынша архардың ізімен тапқандарын келтірелік. Архар жануарының күн тәңірінің символы екені қола дәуірінен қалған Алматы облысындағы Тамғалы тастарда салынған суреттерде айқын көрсетілген. Архардың күн тәңірінің символы екенін айтқан Серікбол Қондыбай, олардың «архардың ізімен кетті» дегендерінен, күннің артынан, яғни, Шығыстан Батысқа қарай кеткендерін айтқан.  Батыс дегеніміз қытай деректерінде Батыс өңірі деп айтылған,  ортасында Сырдария өзені ағып жатқан Ферғана аңғары болады. Сонда, Қангха қамалы Ферғананың қай жерінде? деген орынды сұрақ туады. Кангха қамалы дегеніміз Ферғана аңғарының өзі болады.

 Тарихи әдебиетте Серікбол Қондыбай атап айтқандай Қангха қамалының Қангха-Вара деген атағы бар. Бұл жердегі Вара дегені Авестада айтылған зороастра дініндегі Ием пайғамбардың тауға толассыз жауып қалған қардың көктемде болар топан суынан сақтану үшін, саманнан тұрғызған үйі болады. Ием пайғамбар Ахура-Мазда аталған құдайдың айтуымен бұл үйге Нұх пайғамбар сияқты әр жануардан бір-бір жұптан алып тығылады. Ал енді, Ергене қоң аңызының басты нұсқасында Каян (каиан) мен Тоғыздың да дәл осылай істегендері  айтылады. Міне, осыдан да біздер Ергене қоңның Кангха-Вара екенін түсінеміз. Авестада бұл Вара үйінде Көктің найзағайы атанған сұңқардың зороастра дінін адамдардың санасына салғаны айтылады. Бұл кәдімгі періште еді. Ислам дінінен бұрын адамдар періштені осылай көрген. Періштенің Вара үйіне келіп-кетіп жүргенін қазіргі Ферғана алқабындағы Сүлеймен таудың тұрғаны  растайды. Қазіргі Ислам дініндегілер бұл таудың басына періштелердің келетінін айтады. Сондықтан да, бұл тау қасиетті саналады. Бұл кәдуілгі бігзе белгілі, болмысы көк тәңірлік, зороастралық  дінге жақын болған Сүлеймен пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын,  атымен аталған тау болады. Көктің найзағайы деген сұңқардың ұшқырлығы оқтан жүйрік болған соң осылай аталған еді. Қазіргі сұңқарлардан осындай ұшқыры қырғызша жағалмай, қазақша жағалтай, арғықазақша  ягалбай атанған сұңқар болады. Ягалбайдың тұғыры Т-әрпіне ұқсаған болған соң, осы таңбаны ұстаған тайпа жағалбайлы атанған.  Әрине, бұл тұғыр қазіргі наймандардың аттың үстінде ұстайтын бүркіттің тұғыры болады.  Алай да, ең алғашында бұл тұғыр жағалбай сұңқардікі болған. Маңғыстауда жатқан жағалбайлының әулиесі Құсшы деп бекер аталмаған. Бұл тұғырды Көктің найзағайының аспандағы тұғыры деп те айтқан едік. Олай айтқанымыз, қазір де Ферғана аңғарында қырғызға саналатын жағалмай руы бар, түбі қыпшақ. Бұлар атам заманнан, яғни, Көктің найзағайы заманынан бері ата-мекендерінде жүргендер болса керек. Қырғыздың Оңтүстігінің қыпшақтар екендері белгілі. Қырғыздың «Құрманжан датқа» атты фильмін көрсеңіздер, олардың оңы мен солының бір-бірімен араз жүргендерін көресіздер. Өйткені, бұл екі жақтың аруақтары бөлек, оңы сақтардың ұрпақтары болса, солы азық-сарматтар. Орыс саясаткерлері: «Юг кыргызов сильнее, потому, что они – кипчаки» дейді екен. Қырғыздың өздері осыны жақсы біледі. Азия патшайымы, қырғыздың анасы атанған Құрманжан датқа осы жағалбайлыдан еді. Оның күйеуі Алымбек датқа барластардан болған. Осымен қатар ол жақта қош тамғалы атанып жүрген қыпшақтар бар. 19-шы ғасырда Ферғана алқабында Найман болысы болған. Найман мен жағалбайлының түбі бір екендері белгілі. Негізінде Ферғананың иесі осы жағалбайлы болады. Олай дейтініміз ол жағалбайлы Монгуштан тарайды. Монгуш дегені Ман атаның ұлы дегенді білдіреді. Біздердегі жағалбайлы да Ман атадан Қарабұқа арқылы тарайды.

 Ман ата  дегеніміз арғыда шумерлердегі, бергіде зороастра дініндегі алғашқы адам. Яғни, Адам атаның арийлерше атауы. Немістердің адамды «менш» дейтіндері осы Ман атаның атауының бір фонетикалық нұсқасы болады. Міне, осы жағалбайлының атасы деген Ман ата Авестада Воху- Мана деп аталады. Бұл Воху Мана осы аңғарда, яғни, Арианам-Вайджнаның бір бөлігінде (арий кеңістігі) қасиетті Қарабұқаны баққан соң, қазақта оның атынан «бағу», «бақташы» деген ұғым қалған. Қасиетті Қарабұқаның мүсіні қазір Мысырда тұр. Маңдайында Вараның пішінін білдіретін дұрыс үшбұрышқа ұқсаған ақтаңлағы бар. Мысырдың қасиетті Қарабұқасы деп аталады. Қазақтағы жағалбайлының, өкіреш-найманның мифологиялық аталары. Қыпшақтың шежіресінде бұл Қарабұқа Мүйізді аталады.  Құран кәрімдегі «Баққара» сүресі, осы Воху Манның Қарабұқасы деген мағынада. Қазақтың ірі қараны «қара» деп атайтыны да, осыдан қалған. Ал енді, қазақтың кейде «қасқа сиыр» дегеніне қарғанда, ең алғаш Воху-Мана баққан бұқалардың маңдайына бұл тұмар таңба кесегімен басылып, маңдайы қасқа болып қалғаннан болса керек.

 Ал енді, осы Вара үйінің пішінін  кейбір зерттеушілер дұрыс үшбұрышты болған десе, кейбіреулер эллипс тәрізді болған дейді. Арийліктердің дұрыс үшбұрышты үйлерді салғандары жөнінде қазақ ғалымы Еренғайып Омар Арқайымдағы қазба жұмыстарда анықталғанын айтады. Ием пайғамбар да Вара үйін дұрыс үшбұрышты қылып салған дейді. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Аңғардың әбден қалыптасқан пішіні дұрыс үшбұрышқа ұқсайды» деп айтылған. Қазіргілер эллипс тәрізді дейді. Ал енді топографиялық картадан қарасаңыздар дұрыс үшбұрышты да, эллипсті де көресіздер. Яғни, Ферғана аңғары екі нұсқаға да жауап беріп тұр. Эллипс десе эллипс, үшбұрыш десе үшбұрыш. Бәлкім, елу мың жыл бұрын салынған ғимарат болар. Одан бері талай өзгеріс болса да, үшбұрыштың нышаны сақталып қалған. Және де, Ферғана дегеніміз Варахана дегенге келіп тұр. Тәжіктер Иаргана дейді екен. Бұл сөздің мағынасын тау аңғарындағы шатқал деп түсіндіреді. (КСЭ). Сонда, Ергене қоң дегеніміз – тау аңғарындағы Қангха, не болмаса Қаңлы болмақ. Серкібол Қондыбай Ергене қоңның географиялық орнын біліп, тауып үлгермеген соң арқалы, аруақты адам ретінде бұл жер жұмағын Арғы ана қонысы деп дәл айтқан екен. Өйткені, бұл жерде Қазақ атамыз туған еді. Серікбол Қондыбай: «Юечжи мәселесі – қазақтанудың, жалпы түркітанудың ең басты тірек буыны» деп кеткен еді. Юечжи-Кушанның алғашқы астанасы осы Ферғана аңғарында болған деген ғылыми ұстаным да бар. Серікболдың айтқандарына көбінесе сілтеме жасайтындар Хайрулла Ғабжалил ағамыз басшылық етіп отырған «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының ғалымдары болады. Өйткені олар, соның ішінде «Қазақ өркениетінің негізі» атты кітәптің авторы Еренғайып Омар да бар, қазақтың тарихшы ғалымдарының  қатарындағы  көзі ашық, көкірегі ояу  азаматтар.

 Міне, осыдан біздер Рашиденнің Ергене қоң оқиғасына Нұх пайғамбардың атын өз ойынан кіргізіп жібергенінің себебін түсіндік деймін. Ол көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтардан біреу болмаса, біреу түсінер деп, Ергене қоңның қайда екенін білдріп тұрған «топан су» кодын жазғандарына енгізіп кеткен. Мен бұрындарда оның Ергене қоңға кеткендердің маңғолдар екенін айтқанын, адастыру үшін жасады деп ойлаған едім. Анығында ол дұрысын айтқан. Өйткені, онда кеткеннің бірі қаңлы-қыпшақ, екіншісі Тоғыз, яғни, тохар еді.  Осыны жақсы түсінген орыс зерттеушілері: «Тохарлар құрып кеткен жоқ, олар кейін тарихи сахнаға маңғол атауымен шықты» деген екен. Тоғыз дегеніміз  тох-уз яғни, тохар болғанда, олардың тоқыр, яғни, таз екендерін Серікбол айтқан.  Адай мен Таз бір ұғым болады. Ежелгі тохарлардың таңбасының Боданжардікіндей свастика болғаны қазба жұмыстарынан анықталса, олардың бастарының таз болғаны қытай деректерінде айтылған. Ферғана аңғарында кезінде «жети кашка» дегендердің болғандары да белгілі. Меніңше Тохар дегеніміз кейбір деректерде айтылатын Дах, Дохтар. (дох+арий - тохар).  Дах, дай дегендердің бүгінгі Адай екендерін барлық десе болады, тарихшылар айтады. Ғалымдар юечжи дегенді тохарлар десе, Ю.Зуев қытай транскрипциясындағы юечжи этнонимінің яти, оти, ати деп айтылуын дәлелдеген. Қытайдың деректерінде яда деп те аталады. Міне, осыдан біздер маңғол дегеннің арғықазақтың бір атауы екенін түсінеміз. Яғни, Рашиден надандарға Шыңғыс ханды ойрат-маңғол қылса, жазғандарынан көргендеріңіздей біздер үшін мұңал қылған. Біздер деп әрине, коммунистік идеологияның буына уланбаған, ұлтшыл болып туып, ұлтшыл болып өтетін көзі ашық, көкірегі ояу адамдар айтылып отыр. Солардың бірі, және де бірегейі: «Қазаққа ескі шежіре емес, жаңа рухани дүмпу туғыза алатын «жаңа шежіре» немесе, жаңа миф, яғни, идеология қажет» деп кеткен осы мұңалдық  Серікбол Қондыбай марқұм еді.

 Сонымен, Қазақ түрік емес, ол - Қазақ, әлемдегі ең текті халық. Ғұн-түріктермен тарихи жағдайларға байланысты мидай араласып, өзінің европеоидтық бет-әлпетін жартылай жоғалтқан қазақтанған турандық нәсіл. Ал енді маңғолдардың ұлтшылдарының, орыс шовинистерінің  айтуларынша, қазақтар жоңғарларға зорланған халық екен. Сонда қалай, біздердің аналарымыз қалмақтан бала тауып оны қазақ атап кеткен бе? Жоқ, біздер ғұн-түрік пен қалмақтан тегін қатын алып арийлік бет-әлпетімізді жоғалтқан едік. Сергей Кляшторный өзінің жазған Қазақтың жаңаша тарихында түрік дегендердің қыпшақтардың тырнағына да, тұрмағандарын айтқан екен. Қазақ ұғымы жөнінде  Серікбол Қондыбай былай деп айтқан еді: «Қазақ дегеніміз – Исламның суфийлік және ханифалық ағымы мен қыпшақтанып кеткен ежелгі Вара-Ұрым идеясының бір рухани арнасына тоғысқаннан шыққан пенде».

 Бұл жерде арғықазақ мифологиясы ғылымының атасы Вара-Ұрым дегенде Кангха-Вара, Ергене қоңнан шыққан ұрым-бұтақ – қият-қыпшақты айтқаны еді. Идеясы дегені – олардың күн тәңірлік, ай тәңірлік наным-сенімдерін, сол жерде қалпытасқан ақ көңілін, яғни, менталитетін айтқаны. Тамғалы тастардан біздер құйрығы шұнақ төбеттің ай тәңірінің символы екенін, архардың күн тәңірінің символы екенін көреміз. Сонда, Ергене қоңнан халқын ертіп шықты деген Бөрте шенені – Бөрте шұнақ төбет, Қуа Маралды Әбілғазы айтқан Қоймарал, яғни, архар деп білеміз. Төбет арийліктердің, яғни, біздердің бабаларымыздың қасиетті жануары болады. Бөрте деп Ферғана аңғарының алдындағы Мырзашөл құмының бөрте-жусаны айтылып тұр. Қазақтардың: «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде» дегенде осы бөрте-жусанды айтқандары. Бұл жусан биік бұта болып өсетін болған соң, ешкінің түбітін іліп алып қалатын болғандығынан осылай айтқан. Аңғарымызда болған бұл түбітті ешкіміз қазір Истамбулдағы қаи-қаңлыларда «ангор» атанып жүр. Аңғар дегеннен ангор аталғаны түсінікті.  Сонымен, біз білетін «Құпия шежіренің» әу басындағы кейіпкерлер тарихи тұлғалар емес, әрбір шежіренің басында шежірелік дәстүрге сай айтылған қазақтық генеалогиялық мифтің кейіпкерлері – символдық тұлғалар. Шежіресінде олар Бөрте шұнақ пен Қоймарал анадан туды деген  баланың атын осы Ергене қоңды еске салып тұрған Батцагаан, яғни, Батыс қаған деп атаған. Қаған атағандарының себебі - ол жақта да олар кезінде қағанат, яғни, Юечжи-Кушан патшалығын құрған еді.  «Құпия шежіреде» Қоймаралды «теңіздің тумасы» дегені сол маңдағы тек қана Каспий теңізін айтып тұр. Яғни, бұл жердегі қоймарал-архар адайды білдіреді. Қашаған жыраудың: «Шыңғыс туды архардан» дегені осы. Ал енді, Қазақ шежіресінің басында да, Алаштың алғаны теңіздің қызы еді. Одан Жайылған, одан Қазақ туған екен. Яғни, бұл екі шежіре бірін-бірі қайталап тұр.

 Ғалымдар юечжи дегеннің тохар, кушан дегеннің қытай деректеріндегі куша, хушьянг, яғни, қыпшақ екендерін айтқанда, бұл қазақтың ең алғашқы патшалығының аты адай-қыпшақ болған деп айта аламыз. Серікбол Қондыбай бұл ұстанымды шовинистердің мойындамайтынын айтқан еді. Меніңше, қазіргі билік те бұл жақты зерттетуге бара қоймас. Өйткені, бұл биліктің айналасында кеңес дәуірінде өздерін түрік санап ғылыми атақ алғандар отыр. Юечжи-Кушан мәселесі олардың Кұлтегін атындағы сыйлықтарын, Мемлекеттік сыйлықтарын, академик атақтарын жоққа шығармақ. Олар кеңес дәуірінде өздерін питекантроп дей ме, бір бәледен таратып жүргендер. Қазақ-совет тарихшы ғалымдарынан мен Әйтім Абдрахманов пен Атырау институтының ректоры болған (ұстазым) Хисмет Базанұлы Табылдиевті мойындаймын. Олар кеңес дәуірінің өзінде  бізге  қият пен қоңыраттың түбінің бір  екенін айтқан еді. Ал басқалары  болса, қият-қыпшақты қазіргі маңғолға жатқызған. Ғылыми кеңес құрып Қазақ Совет энциклопедиясына осылай деп жаздырған.  Қазақты ғұннан, үйсіннен, түріктен таратып көзі ашық, көкірегі ояу ғалымдарды қудалатып, қазақты тарихтың, әдебиет пен мәдениеттің рухани тірегінен айырған. Сол қудаланғандырдың бірі, қиятты қыпшақ деген Мұхтар Әуезов ағамыз еді.

 Серікбол Қондыбай тәжікті тәзіке, тоқыр, таз деп адайға бекер жақындатпаған. Былай қарасаңыз тәжіктің қазаққа қатысы жоқ көрінеді.  Оғыздарға жататын қазіргі ұйғыр, өзбек тәжік, түркімендердің салт-тұрмысын, мәдениет, өркениетін айтпай-ақ қоялық, музыка сарындары бірдей, және де, қазақтікінен бір бөлек. Қазақтың домбырасының сарынын біздер қайта анау Истамбулдағы каи-қаңлылардан естиміз. Қазақтікі сол баяғы, Қорқыттың мұңлы, қайғылы күйлері. Бір түрік болсақ, музыка сарынында неліктен осыншама өзгешелік бар? Олардың сарыны ирандық, яғни, ариандықтардың сарынына келеді. Меніңше, Оғыз дегеніміз кезінде мәдениеті көшпенділерден біршама жоғары болған отырықшы арийлердің ұрпақтары болса керек. Ал енді, қаңлы-қыпшақтар көшпенді турандықтар. Бұл ариандар мен турандар  бір-бірімен талай соғысқан. Рашиден айтқан Оғыз ханның тарихы осы заманнан келе жатқан болса керек. Ал енді, отырықшыларға тән өнері бар, яғни, мазар салудың хас шеберлері адайлар бастапқыда осы отырықшы арийлердің құрамында болып, кейін, небір себептермен осыларға қарсы шығып араларынан қуылған деп ойлаймын, Рашиденнің айтқанына қарағанда. Ал енді, бұлардың музыкалық өнеріне келетін болсақ, олардың мәдениетінің қазіргі шымкент-шоудан неше саты жоғары екенін көреміз.  Адайдың қайсы бір әншісін алсаң да, сахнада иманды, мәдениетті болып келеді.  Домбырасының шанағы  наймандікіндей үшбұрыш емес, сопақша. Пернелері наймандардікінен күрделілігін білдірген көбірек, мойны ұзынырақ. Сыңғыры бөлек. Өз басым, олардың түбінің турандықтар емес, ариандықтар екендеріне күмәнім жоқ. Өйткені, оларда турандықтардікіндей Тур, яғни, Өкіреш, Мүйізді, Қарабұқа төтемі жоқ. Арқасында жолбарыстікіндей жолағы бар қанатты тұлпар ала ат, алаатчин, яғни, Алшын төтемі бар. Алаш пен Наурыз ағайын деген шежірелік деректен біздер Алаш атауының ариан-иран заманынан бері келе жатқанын айтқан едік. Оғыз хан қуғаннан кейін бұл ариандықтар  қаңлы-қыпшақтарға келіп сыбай қонып, сонау Юечжи-Кушаннан бері қыпшаққа серік те, берік те болып, ақырында бұл дүниеге әлемдік тәртіпті орнатқан Шыңғыс ханды әкелді. Қият-қыпшақпен қаны да бір, жаны да бір екендерін білдіріп шежіресінде өздерін Елтайдан таратты. Елтайдың Ұлы жүздік, және де адай жөнінде: «Атасынан Ұлы жүз, анасынан Кіші жүз» дегендері, Маңғыстау түбегіне адайлардың Жетісудан, яғни, кезіндегі Мағолстаннан келгендерін ғана айтып тұр. Олардың үйсін тегі екендерін емес. 17-ші ғасырға дейін Мұғалдар осы Мағолстанда жүрген. Найман шежіресінде болса, Елтайдың Белгібайдың балаларымен араз болып Кіші жүзге кетіп қалғаны айтылады. Шежірелік Елтай дегеніміз тарихи деректердегі Ильтер - Сир (ірі қара) аталған қыпшақтардың қағанатын құрған әулеттің атауы. Сақау қытайлар Илиту деп жазған. Сергей  Кляшторный қытай деректерінің негізінде Илиту-Ильтер деп көрсетеді. Бұл әулет қазір наймандағы терістаңбалыда қазақшаланып Елата-Елтай деп аталып, Кай әулеті патшаларының ноқта таңбасын алып, патша дегенді білдіріп тұрған ноқта ағасы деген атағымен жүр. Ильтер дегеніміз Елтер, яғни, еліңді жиып қаған бол деген мағынада.  Бұл Сир-қыпшақ қағанатын тағы да ұйғырлар қытайлармен бірігіп құлатқан еді...

 Тамғалы тастардан және де Юечжи-Кушан патшалығының алтын теңгелерінен біздер Турды, яғни, алып өгізді құрбан шалуға ноқталап әкелетін адамның ел ағасы болатынын көреміз. Қай заманда болсын қара күштің иесі, хас батыры   елге бас  болған.  Қара аюды мүйізіне іліп алып лақтырып жіберетін Турды ноқталаған адамды ғана бабаларымыз хан көтерген болса керек.  Сондықтан да, теңгелердегі суреттерде патшамен  бірге ноқта мен өгіз салынған.  Патшаның қолында ай тәңірін білдіретін үш аша таңба.  Яғни, осы адамды Тур, яғни, төре деген болса керек. Түріктің бұл Тур атауына еш қатысы жоқ. Меніңше, түрік дегеніміз солтүстікте жүрген соң құлағы түрік бөрік киіп бұғы жеккен, өмір бойы жуынбаған, аруаққа табынып жүріп көк тәңірін бізден білген, үсті басына итбалықтың  майын жағып жүре берген, келген қыпшаққа қыздарын беріп, Танакөк сияқты құдаларына сүйеніп қағандық құрғандар. Сирлермен, яғни, қыпшақтармен Танакөктің Ашидэ әулетінің туыс болғандары тарихта нақты айтылған. Ашина әулетімен бірге Ашидэ әулеті Түрік қағанаттарының  әскери-саяси тірегі болған. 679-ші жылы Ашиналықтар емес, дәл осы кеянидтердің Ашидэ әулеті кытайдың Тан империясына қарсы көтеріліс ұйымдастырып, олардың елу жылдық  басқыншылығын жойды. Қазақтың генеалогиялық мифі түріктің көк бөрісі емес, ай тәңірі мен күн тәңірі. Көк бөрі дегеніміз қазақты мұңалтқан Оғыз қағанның алдында жүрген жау. Осы мифтен-ақ біздер ежелгі ариандардың небір себептермен жабайыларға тәуелді болып қалғандарын түсінеміз. Жоғарыда айтқанымыздай, Ашина дегеніміз ұйғыр мен ғұн-қытайдың қосындысы. Сақталып қалған Күлтегіннің ескерткішіндегі оның бет-әлпетін көріңіз. Монголоид тектестің синид, яғни, синалық (қытайлық) тармағындағы солтүстік синидтардың қиыр-шығыстық малайлық нәсілі екені білініп тұр. Бір ауыз сөзбен айтқанда қытайдың боғдыханы. Қиыр-шығыс деп чукчаға да ұқсайтыны айтылып тұр. Ал енді, Шыңғыс ханның сақталып қалған портретіндегі бет-әлпеті болса, «түркіленген арийлік тип» деп айтылады. Меніңше, тарихтың қайбір кезеңінде Оғыз-ариандар мен ғұндардың шежірелік атасы Шун Вейдің ұрпақтары сүйек-шатысқа түсіп, аталарының құрметіне қытай дәстүрі бойынша Шун атының алдына Гумилев айтқандай құрмет белгісін білдіретін «а» әрпін қойып, осыдан ашун, ашина әулетінің атауы қалыптасқан. Осыған дейін түркі атаулыда қыпшақтардағы сияқты патша әулеті болмаған. Осының дәлелі ретінде Күлтегіннің құлпытасындағы: «idi ogsyz kook turuk anca olurur ermis» деген жазуларды келтіреміз. Бұл мәтінді В.В.Радлов: «жили голубые турки не (имевшие) правящих родов» деп аударса, С.Е.Малов: «обитали устраивая гоулубых тюрков которые были без господина и без родовых представителей». Осыдан біздер Ашина әулетінің қағандары  дегендерінің кешегі адай-қыпшақ патшаларының сарқытын ішкендер екендерін түсінеміз. Яғни, осылардан үлгі алған. Олардан, құлпытастарынан басқа ештеңе қалған жоқ. Ал енді, Юечжи-Кушан патшалығынан Серікбол айтқан Вара-Ұрым идеясының жемісі, Қазақ деген пенде қалды. Сондықтан да, біздер Қазақ этнонимінің басты нұсқасын, қос сақ, қосақ деген едік. Серікбол айтқан Ислам дінінің ықпалымен арабтың тілінде қосақ сөзі хозағ, хузаағ деп реконструкцияға түсіп,  кейін, біздіңше Қазақ деп айтылып кеткендей.

 Тамғалыдағы тастарда надандар «тарақ» деп айтып жүрген үш аша, «жалайыр» таңбаның қола дәуірінде  суреті басылған екен.  Ортасындағы жүзіне толған айды қондырған.  Демек, бабаларымыз бұл таңбаның ай тәңірін білдіріп тұрғанын біздерге айтып кеткен. Ислам тарихын зерттеуші француз Анри Массэнің айтуынша, Қосай атаның бесінші ұрпағы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.ғ.с-ның руы қорайыштар Ислам дініне дейін айға табынған екен. Аллаһ деген солардың құдайларының аты дейді.  Осының дәлелі ретінде, арабша Аллаһ деген жазуына қарасаңыз, үш аша, яғни, ай тәңірінің таңбасын көресіз. Ғұламалардың айтуынша заманақыр боларда аспандағы ай қақ ортасынан екіге бөлінеді екен. Яғни, қос ай болмақ. Ғарышкерлер айдың бетінде  қақ ортасынан бораздалап жасалғандай айнала сызықтың бар екенін айтады. Тамғалы тастағы ұшына толған ай қондырылған үш аша таңбаның ортасындағы жүзі осы сызықты білдіргендей.  Сонда олар бұл сызықты қайдан білген? Айға барған американдық ғарышкердің Ислам дінін қабылдағанын да естідік. Ислам дінінің символы да ай. Сонымен қатар керейлердің төрт қанаты бірдей айқыш (крест) таңбасы да ай тәңірін білдіреді. Яғни, бұл жалғандағы төрткүл дүниенің иесі деген сөз. О дүниедегі өлшемнің алтау екені белгілі (шестимерное измерение). «Заповеди Тенгри» атты кітаптың авторы Қанат Серікпаев бұл айқыш таңбаны күн тәңірі деп қателескен. Тамғалы тастарда күн тәңірінің бейнесі сәулелерін айнала шашқан түрінде көрсетілген.  Төрт сәулелі кейпінде еш жерде кездеспейді.  Осымен қатар Ашидэ әулетінің төрт аша таңбасы да төрткүл дүниенің иесі дегенді, яғни, ол да ай тәңірін білдіреді.  Ю.Зуев те, С.Қондыбай да бұл таңбаларды айдаһар деп қателескен. Арийлер айдаһарға табынбаған, шәйтәнға санаған. Ал енді, орыстар болса, үш аша таңбалы қыпшақтардан талай қорлық көрген соң, бұл таңбаны үш басты айдаһар деген. Зуевтердің қателескендері осыдан болған. Орыстың ертегілеріндегі қай батыры болса да, үш басты айдаһармен соғысып жатады. Бұл жердегі үш басты айдаһар дегендері, әрине, Орал тауының арғы жағынан үш аша таңбасымен келетін қаңлы-қыпшақтар еді. (змей Горыныч).

    Бұл жерде бір ғана сәт анықталмады. Қыпшақтардың ай таңбасы күнге табынған адайдың кенжесі деген мұңалдарда қайдан жүр?  Түбі қият-қыпшақ деген шапырашты мен Адайдың ДНК белгілері неге бір - С-3? Адай қыпшақ па, әлде шапырашты адай ма?  Шежіретанушы ретінде айтарым, Қазақ шежіресінің екісінің бірінде «кенже» дегені кірмені білдіреді. Оған айтар мысал көп, қоқсытып жатпалық.  Бәрі дұрыс келе жатыр еді, шапырашты мен адайдың, төрелердің қан тобының ұқсас, С-3 болып шыға келгені. Шыңғыс ханның құпиясын аша алмайсың деген еді бір төре. Шамамыз келгенше тырыстық. Ергене қоңды таптық. Жошының меркіттің баласы емес екенін тарихи деректің негізінде дәлелдеп бердік. Мен кезінде генетик ғалым Жақсылық Сәбитовтың бір шиді шығарарын айтқан едім. Кезінде бір жағымпаздар елбасын түбі қытай ғұн-түрік Бумын қағаннан таратып та қойған еді.  Ертең Мұңалдың тегі  адай болмай, шапырашты болып шықпаса игі еді...

 Мұңалдың тіл таңбасының атауы қазақбайшылықтан қойылған. Айнаға қарап тіліңізді шығарсаңыз мұңалдың таңбасын көресіз. Бұл таңба адай ішінде «қазаяқ», «моса» деп те аталады.  Ал енді, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып бұл таңбаға қарасаңыз дұрыс үшбұрышты көресіз. Сондықтан да, бұл таңбаны қазанның астына дұрыс үшбұрыш құрайтындай етіп жасалған үш аяғына ұқсайтын болған соң «мұңалошақ» деп те атайды. Және де, осы мұңалошаққа қатысты жер атауы қазіргі шапыраштылар отырған жерде қалған деп те айтылады.  Адайдың ескілері бұл таңбаны аналарының айтқан «бұтымдағы тұлағым», яғни, әйел ананың жатыры екенін айтқан.  Осы сөздің жаны бар. Өйткені, Ием пайғамбар Вара үйін үшбұрыш етіп әйел ананың жатырына ұқсатқан дейді. Ю. Зуев Танакөтің таңбасын «женский треугольник» дейді. Доктор Қаржаубай Сартқожа бұл дұрыс үшбұрыш таңбаны «аналық әулеттің символы» деп атайды. Және де, осы үшбұрыш пішінге  қатысты болса керек, Ием пайғамбардың аты кейін түркі дәуірінде Умай ананың атына  айналған. Осының дәлелі ретінде Умай ананың тәжінен үшрұрыштың үшеуін, және де үш аша таңбаны көреміз.  Орхондағы бітіктаста болса, Умай ананың басында жалғыз дұрыс үшбұрыш суреттелген. Адайдағы Жеменей руының атауынан тарихи деректердегі «чебни», джебні» деген атауларымен қоса бастапқы нұсқасының Ием еней екені білініп тұр.  Бұл атау  бірінші Ием пайғамбарды, екінші Умай ананы да еске салып тұрғанымен, меніңше, «ием еней» деп дұрыс үшбұрыш таңба айтылып тұрғандай.  Ал енді, Умай ананың аты өз кезегінде рухани тоздырылған қазақтың ауызында әйел ананың жатырын білдіретін балағат сөзге айналған. Әрине, бұл атау біздің көк тәңірлік дінді жоққа шығарып Ислам дінін насихаттаған арабтардан, дәлірек айтқанда қожалардан келді. Жеті қазынамыздың бірі арийлік ит жануарын нәжіс атаған, құрбанға шалатын арийлік ақбозатымыздың етін жеуге тыйым салған да осылар еді.

 Кейбір шежіресымақтар елдің жадында қалыптасқан шежіре жосығынан аутықымай жүргенімізді жөн көреді. Ата-абаларымыз айтқан дейді. Анығында, шежіре деректері Шыңғыс хан әулетінің идеологтарынан идеология құралы ретінде қалған. Бабаларымыз болса, осы шежіре деректерінде өздерінің нақты тегін білдіріп тұрған  жасырын мағыналарды ғана қалдырған.  Міне, біздерге осы жасырын мағыналарды тани білу қажет. Бұл жерде аталған қаңлы, каи, шара, қият, қыпшақ, қоңырат атаулары ерте заманда бір ғана массивті білдірген. Қазір осылардың атауын сақтап қалған тайпалардың бар екені белгілі. Қазақтың атасы дегенде біздер бұл тайпаларды айтып отырғанымыз жоқ, ежелгі массив, қазақ халқының субстратын айтып отырмыз. Осыны ұқпаған түбі қара қытай бір шежіресымақ: «Қыпшақ пен Адайды қазақтың атасы қылмақ» деп сасық көкірек білдіріп, өзінің рушылдығын танытқан екен. Бас десе құлақ дейтін қу көкірек. «Сезікті секіреді» дегендей, бұндайлар Қазаққа кірме болған соң, арамызда арандатушылық тудырады. Осылай деп айтқанының өзінен біздер бұл адамның, арийлердің айтқанындағы «жылыстаған жылан» екенін түсінеміз. Қазақтың бірлігінің түбіне балта шаппақшы. Иә, кезінде сұлтан  Бейбарс айтқандай: «Жау арамызда жүр».

 Енді, белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы бедел санаған Чжао Хунның «Мен-да бей-лу» атты дерегіне назар аударалық. Қытай барлаушысы  Чжао Хун Шыңғыс ханның маңғолдары жөнінде: «Татар тайпалары ша-то деген ерекше рудан тарайды. Олар ақ, қара, жабайы деп үшке бөлінеді.  Жабайы дегендері өте надан, қолдарынан ештеңе келмейді. Олардың бар білетіндері: әркімнің артынан еріп шапқылай беру. Қазіргі император Шыңғыс және оның қолбасшылары, министрлері мен шонжарлары қара татарлардан» дейді. Осы деректі аударған қытайтанушы Н.Ц. Мункуев: «Ша-то – батыс түріктерінің бірлестігі, бір деректерде олардың 7-ші ғасырда Ферғана жақтан келгендері айтылады» дейді. Ша-толарды керейлер, оңғыттар дейтіндер де бар.  Қазіргі маңғолдардың аталары  деп ешкім де айтпайды. Чжао Хун осыны жақсы біліп айтқан. Сондықтан да, оларды «ерекше ру» деп атаған. Және де, татарларды, яғни, көшпенділерді үшке бөліп, Шыңғыс ханның қара татар екенін айтқан. Ақ татардың оңғыттар, жабайы татардың «орман халықтары» екендері белгілі.   Шыңғыс ханның қолбасшыларының бәрінің қара татарлар екендері айтылып тұрғанда, бұл жерде жалайырдың да, қоңыраттың та, қияттың да, баяуыттың да  қара татарлар екендері айдан анық. Шыңғыс ханның  осылардың бірінен болғаны да анық.  Өзінің шежіресінен біздер оның қият-бөржігін екенін түсінеміз.  Сонда оның ғылымда қалыптасқан ұғым бойынша ойрат-маңғол болуы мүмкін емес. Шыңғыс ханның олардың тілінде сөйлемегені анық. Оның қауымының Ферғана жақтан келгені де айтылып тұр. Ол жақта қайдағы ойрат-маңғол? Қазіргі маңғолдар бұрынғы мұңал-мұғал атауын алып қалғандар ғана. Мәселен, француздар германдықтардың франко руының атын алған. Алай да, оларды ешкім де неміс демейді. Осы сияқты, қазіргі тибеттіктер, таңғұттар, ойраттар маңғол атауын алып қалғандарымен оларды ешкім де қият-қыпшақ, қазақ демейді. Германдықтарды француз демейтініміз сияқты, енді қазақтарды да ешкім маңғол деп атамайды, өйткені, бұл атауымыз ұмыт қалған.

 Ал енді, мұңалға келетін болсақ, кейбір шежіремысақтар Шыңғыс ханды мұңал дегеннің Мұхаметкәрім Қожырбайұлы екенін айтады. Орыстың мынадай бір сөзі бар: «Для полоумных еще раз поясняю» деген.  Мұңал дегенді өдеріңіз көргендей ең алдымен маңғолдың тарихын жазған Рашиден айтқан. Одан кейін шежіреші Әбілғазы айтқан. Одан кейін біз білетіндерден Мұрат Аджи айтқан. Одан кейін М.Қожырбайұлы айтқан. Яғни, Мұрат Аджи да, М.Қожырбайұлы да бұл мұңалды өз ойларынан айтқан емес. Бұл жерде мына мәселені айта кеткен жөн: Қожырбайұлының атын келемежге айналдырғандардың рухани байлығының саяздығы соншалықты, олар қазақ деген ұғымды Жәнібек пен Керейдің тұсында ғана пайда болған деп ойлайды. Және де, қазіргі маңғолдардың бабалары біздерді, яғни, қият-қыпшақ, қазақтарды жаулап алды деген лақабқа өздерінің оңалмайтындай надандықтарының себебінен сеніп жүргендер.

 Қазіргі таңда Тілеуберді Әбенай мен Қаржаубай Сартқожаұлының арасында Шыңғыс ханның ата-тегіне қатысты даудың туғаны белгілі. Алай да, олардың екеуі де Шыңғыс ханды маңғол дегенге  қатысты ғана пікірлерін айтады. Шыңғыс ханның маңғолдарының кімдер болғаны жағына мүлде жоламаған. Ал енді, маңғолдарға қатысты арнайы еңбек жазған Рашиден бұл этнонимнің мағынасын нақты түсіндіріп кеткен. Сондықтан да, басқа зерттеушілердің бұл этнонимнің мағынасының «мыңқұл», «мыңқол», «мәңгі ел» «маңқұл», «мөнкү»  екендерін айтып жүргендерін бос әңгіме деп айтамыз. Және де, бұндайды айтқандар шежірені білгенде шашасына шаң жуытпаған Рашиден мен Әбілғазы баһадүр ханның тырнақтарына да тұрмайтындар. Жоғарыда айтылғандардан Шыңғыс ханның  синид тобына жататын монголоид нәсілінен болмағанын анық түсінуге болады. Ол жасыл-сұр көзді, ақ сары бет-әлпетті адам болған.

 «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның бабасы Боданжарды «Боданжар мыңқағ» деп атайды. Бұл жердегі «мыңқағ» дегені біздіңше маңқа дегенді білдірсе керек. Яғни, «боқмұрын» деген мағынада. Осының дәлелін біздер «Манас» жырынан табамыз. Онда Көкетай хан: «Менің көзім жұмылғанда, анау табылған асыранды Боқмұрынды ала күшік демеңдер. Жетімдігін бетіне басып тимеңдер. Бір жыл десем кем айтармын, екі жыл демес артық айтармын, ол аяғына тұрып адам болады. Сонда, жібек кілемге салып хан көтеріңдер» дейді.  Бұл сөздер «Құпия шежіредегі» Алан ананың: «Күндердің күндерінде олар хан болады» деп, асыранды баяуыт-мағалықтан туғандарды айтқаны, осы жырдағы Көкетайдың айтқанымен үндес екені білініп тұр. Демек, «Құпия шежіренің» ауызша нұсқасы ерте замандарда айтылып жүрген де, басқа эпостарда осыдан біраз «ұрлықтар» жасалып отырған.  Сондықтан да, Тілеубердінің «Құпия шежіренің» басты нұсқасының қазақ, яғни, қият-қыпшақ тілінде болғанын айтқанының  жаны бар. Ал енді, «Құпия шежіредегі» «теңіз-дарияны кешіп» деген сөздер біздерге  Мысырдағы дұрыс үшбұрыш пирамида жақтан теңіз-дариядан өтіп шыққан еврейлердің тарихын еске салып тұр. Сондықтан да, шежіредегі теңізді іздеудің қажеті жоқ. Бұл да бір плагиат (ұрлық) еді.

 Ергене қоң оқиғасының басты нұсқасынан біздер Қаян мен Тоғыздың Алтайдан қара қытайлармен шекісіп кеткендерін түсінеміз. Ергене қоң аңызына қатысты жас тарихшы деген Ерзат Меллатханұлының юэчжи дегенннің айтылуының нүкүз екенін оқығанымда таң қалып, жас жігіттің өз ойы болар деп қойған едім. Ю.Зуев юечжиді яти, оти, десе, Нығмет Мыңжан иозі деген екен. Осымен қатар қытайша «юэ» дегені ай болған соң, Ю.Зуев «бұл термин ай әулеті дегенді білдіреді» деп те жазған.  Жуықта Қытай елінен,  Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институты, «Орта Азияны зерттеу орталығының»  директоры, қазақтардың билер соты тақырыбында докторлық диссертация қорғаған заң ғылымдарының докторы Күнболат Сұңғатұлы, керей-жәдік Жантай батыр мен керей-шеруші Байтайлақ батырлар жөнінде деректер алу үшін осы мақаланың авторымен әдейі келіп жолыққан еді. Әңгіме барысында қытай тілін жақсы білген одан мен юечжи сөзінің айтылуын, оқылуын сұраған едім. Бұл ғалым да, юечжидің нүкүз екенін айттты. Алай да, бұны анықтаған Ерзат емес, Синцзян гуманитарлық ғылым академиясының тарих институтындағы ғылыми қызметкер, керей  Ахмет Чадыман екен.  «Қытай тарихнамасындағы қазаққа қатысты деректер» атты бағдарламаға қатысқан бұл ғалым көне қытай иероглифтерінің оқуын біледі екен. Осымен қатар қытайдағы қазақ тарихшыларының үйсіндер туралы зерттеу кітәбінің басылып шығуына ат салысқан. Қытай еліне келгенде елбасымызға  тарту етілген бұл кітәптің соңында юечжидің нүкүз екені де айтылған дейді. Әрине, бұл үлкен жаңалық.  Маңғол тарихына қатысты төңкеріс десе болады, ұққан адамға.  Сонда, Рашиденнің айтқан Нүкүзі юечжи болса, юечжиіміз тохар (Тоғыз) болса, тохарлардың таңбасы мен Боданжардың таңбасы бір – свастика болса, орыс ғалымдарының: «Тохарлар құрып кетпеген, олар 13 ғасырда тарихи сахнаға маңғол атауымен шықты» дегендері түсінікті болады. (Русская Правда). Ал енді, тарихтан болса, юечжи-нүкүздердің біздің дәуірімізге дейінгі 176-160 жылдары Синцзян аймағындағы Тарим өзенінен Ферғана жаққа қарай қуылғандарын көреміз. Меніңше, Ергене қоңның тарихы Юечжи-Кушанның, яғни, біз айтқан адай-қыпшақтың  тарихы болғандай.

 Жоғарғы аты аталған доктор Күнболат Сұңғатұлы «Орта Азияны зерттеу оталыңының» директоры болғандығынан Ферғана аңғарына қатысты зерттеулеріме назар аударып, өзі басқарып отырған орталықта зерттеу жұмыстарын бірге жалғасытыруға ұсыныс жасаған еді.  Бұндай зерттеулерді қытай тілін жақсы білгендердің ғана лайықты түрде жүргізе алатындары белгілі, өйткені, маңғолдардың, қияттың  нақты тегін біздер қытай деректерінен ғана біле аламыз. Мәселен, қытайдың «Бань-Гу» дерегінде қияттар «ху-цзе» деп таңбаланып, олардың «батыс жақта» жүргендері айтылады. Қытай деректеріндегі «батыс жақтың» Даюань, яғни,  Ферғана екені айтылды. Қазақтың атасының қаңлы екенін айтқан белгілі жапон ғалымы Сиратори болса, қытай деректерінің негізінде юечжилерді «сар балшықтан (саманнан) жасалған қорғанның ішіндегілер» деген екен. Ал енді, қытай тілін жақсы білген, алай да, Ергене қоңды Алтайда деп ойлаған Ю.Зуев Сираторидің «сар балшықты» неліктен айтқанын түсіне алмаған. Меніңше, казақтың нақты түбін айта алған Сиратори Вара-Кангха қамалын ұққан болса керек. Өздеріңіз байқағандарыңыздай қытай тілін білген ғұламалардың өздері зерттеулерінде бірін-бірі ұға алмаған. Сондықтан да, юечжи-кушан мәселесін терең зерттеу үшін Күнболаттың ақылымен зерттеулердің маңызды жерлерін жедел түрде орыс тіліне аударып «Орта Азияны зерттеу орталығына» жіберген едік. Өйткені, қытайда тарихи материалдарды тек қана орыс тілінен өз тілдеріне аударады екен. Юечжи терминіндегі «юе» сөзінің толған айды емес, месяцты, яғни, біздіңше мұсылман айын білдіретінін де қытай тілін жақсы білген осы ғалымнан ұққан едім.  «Юе» сөзінен кейінгі «чжи» деген сөздің мағынасын білмейтінін айтты. Ю.Зуев болса юечжи сөзінің ертедегі бір транскрипциясының «нючжи» болғанын айтып, бұл сөздің «Қосай ұрпағы» екенін де жазған еді.   Яғни, «Юечжи» атты тарауында ол: «нючжи - род двурогой (нарождаюшейся) луны, месяца» деген. Ал енді, қытайлардың болса, бірінің тілін бірі дұрыс ұқпайтын диалектілерде сөйлейтіндері белгілі. Сондықтан да, әрине, қытай тілін жақсы білген, иероглифтардың ежелгісін де ұға алатын қытай ғалымдары мағол, мұғал, мұңал, ауғал, нүкүз, қият атауларына қатысты біздердің нақты қойған сұрақтарымызға жауап бере алады. Ең бастысы, бұл жерде бұл тарихқа деген жаңа бетбұрыс бар.  Біздер Ю.Зуев, Серікбол Қондыбайлар сияқты Юечжи-Кушан патшалығының тарихын ең алдымен қытай деректерінен ғана біле аламыз. Юечжи-нүкүз дегеніміздің өгіз болуы да ғажап емес, Ю.Зуевтің айтқанына қарағанда.  Ал енді, турандықтардың өгізінің Ферғана аңғарына қатысы айдан анық.

Қайрат Зарыпхан,

Шежіретанушы.

 Ұлт порталы

 Қолданылған әбебиет: 1. Серікбол Қондыбай «Арғықазақ мифологиясы».   2. С.Кляшторный. «Қазақстан. Үш мың жылдық жылнамасы». 3. Ю.Зуев. «Ертедегі түріктер». 4.«Авеста». 5. «Құпия шежіре». 6. Қ.Зарыпханның жеке мұрағатындағы шежіре деректері.  7. Құран кәрім.