04 шіл, 2022 сағат 15:43

Шымкентте жер сілкінісі тіркелді


Шымкентте жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"4 шілдеде Алматы уақытымен сағат 13:51 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 574 шақырым жерде орналасқан", - деп хабарлады "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісіндегілер.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,7.

MPV магнитудасы - 4,6 деңгейінде.