14 қаң, 2022 сағат 15:08

Шымкентте қаласында және үш өңірде төтенше жағдай аяқталды


Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды Ақорда.

«Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген Президент жарлығында. 

Сонымен қатар Шығыс ҚазақстанТүркістан және Қарағанды облыстарында да дәл осылай арнайы жарлықпен төтенше жағдай тоқтады.