07 қыр, 2023 сағат 16:14

Шымкентте мас тұрғын полицейге пышақпен шабуыл жасады - видео

фото ашық дереккөзден алынды

Шымкентте мас күйдегі үй иесі учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 6 қыркүйек кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекен-жайға барған. Жергілікті тұрғын оны күйеуі ұрғанын жеткізген. 

Оқиға орнына келген учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көреді. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған. 

"Полиция қызметкері әріптесінің көмегімен қаскүнемді қарусыздандырды. 

Тергеушілер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі “Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану” бойынша тіркеді" - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған.

Қазір ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.