05 шіл, 2023 сағат 11:45

Шымкентте көлік ішінде есірткі қолданған жас жігіт ұсталды - видео

видеодан алынған кадр

Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі пайдаланған шымкенттік бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, ұнтақ тәрізді затты иіскеген.

"ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.

Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакет табылды" - делінген хабарламада.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.