24 мау, 2022 сағат 13:13

Шымкентте 4 ай бұрын жоғалған Ресей азаматы асылған күйде табылды


Александр Кирьяновтың денесі 31 мамырда Дендробақ аумағында табылған. Алайда оның денесі тек 23 маусымда тану мүмкін болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы OTYRAR ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бұл туралы марқұмның туысы Владислав Андреев хабарлады. Владиславтың өзі Шымкентте тұрады. Дәл қазір ресейліктің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны айтылмайды. Александр Кирьянов 1 маусымда Ресейге ұшуы керек болған. Қолында тіпті билеті де болған.

«Ол Шымкентке сәуір айында келді. Денсаулығына байланысты проблемалар болды. Осы жаққа күн жылы, климаты жақсы деп келген. Алдымен қонақүйде тұрды, содан кейін пәтер жалдап, 3 айын төлеп тастады. Бірақ мамыр айында жаңбыр жауып, жағдайы нашарлай бастады. Және ол үйге баруды шешті. 1 маусымда ол Мәскеуге ұшуы керек еді. Бірақ 31 мамырда ол үйден шығып, қайтып оралмады, ұялы телефон, заттар, құжаттар — бәрін пәтерде қалдырды», — дейді қайтыс болған адамның туысы Владислав Андреев.

Владислав Андреевтің айтуынша, кісінің жоғалғаны туралы дабыл маусымның басында көтерілген. Алайда Александр Кирьяновтың жоғалғаны туралы арызды полиция қабылданудан бас тартқан көрінеді.

«Александр Кирьянов – менің әкемнің немере ағасы. Менің ата-анам ажырасқандықтан, әкемнің туыстарымен сөйлеспедім. Бірақ ол жоғалған кезде, әрине, біз дабыл бере бастадық. Пәтер иесі жақсы адам болып шықты, ол да арыз жазғысы келді. Қаратау ауданының учаскелік полиция қызметкері келіп, заттар тізімдемесін жасады. Бұл қалай болды? Бір адам болды және кенеттен жоғалып кетті, бәрін қалдырып кеткен», - дейді Владислав Андреев.