21 ақп, 2022 сағат 14:05

Шымкентте 18 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті


Шымкентте 18 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Әл-Фараби ауданына қарасты Т. Рысқұлбеков көшесі мен Ғ. Иляев көшесінің қиылысында болған. Отбасылық жанжалдың салдарынан 18 жасар қыз 5-қабаттан секіріп кеткен. Дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған бойжеткенге құтқарушылардың көмегі қажет болған. 

«Құрамында 6 құтқарушы бар жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі оқиға орнына келіп, альпинистік жарақтың көмегімен 2004 жылы туған зардап шеккен азаматшаны төмен түсіріп, жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсырды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада. 

Аталған оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеретін болады.