
Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжол қайта ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күн жылынып, боранның беті қайтуына орай 4 ақпанда «Өскемен-Шемонаиха- Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-123 шақырымында, «Глубокое ауылы-РФ шекарасы» тасжолында, «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 0-105 шақырымында және «Өскемен-Риддер» тасжолында көлік құралдарының қозғалысына рұқсат берілген.
Айта кетейік, ведомство өкілдері өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше боранға байланысты Шығыс Қазақстанда бірқатар тасжол жабылған болатын.
