Брекситтен кейінгі Шотландияғы алғашқы парламент сайлауында Ұлыбританиядан бөлінуді қолдайтын партиялар көпшілік дауыс жинады. Енді олар тәуелсіздік туралы референдум жариялап, Лондонмен оның заңдылығы туралы соттаспақ, деп хабарлайды BBC.
Шотландияда 6 мамырда болған сайлау дауыстарын санау сенбі күні кешке аяқталды. Қос сепаратистер партиясы – билеуші Шотландияның ұлттық партиясы (ШҰП) мен жасылдар сауалнама уәде еткеннен аз дауыс жинады. Дегенмен 129 мандаттың 72-сін алды.
«Сайлау нәтижесі Эдинбург пен Вестминстер тәуелсіздік туралы екінші референдум турасында талқыны қайта жандандыратынына кепілдік береді», - деді Scotsman шотландық газетінің шолушысы.
