15 жел, 2017 сағат 22:19

Мырзахметовтің орнына Өмірзақ Шөкеев келді

Өмірзақ Шөкеев "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетіп, ҚР премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл қызметте оған дейін Асқар Мырзахметов болған.  

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды", - делінген Ақордадағы хабарламада.

Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі қызметін, Мемлекет басшысының экономикалық кеңесшісі, экономика министрі, Қостанай облысы әкімі қызметтерін атқарған болатын. Сондай-ақ, ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал 2011 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" басқарма төрағасы мен директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.