28 нау, 2020 сағат 11:25

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтылды

Коронавируске шалдыққан Семей қаласының 2 тұрғынымен 6 адам байланыста болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Вирус жұқтырған ерлі-зайыптымен байланыста болғандар анықталды. Қазіргі уақытта сол 6 адам дәрігерлердің бақылауында. Оның екеуі карантиндік стационарға, төртеуі арнайы провизорлық стационарға жатқызылған. Қажетті ем-шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

Сондай-ақ олардың тұрғылықты жерлерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Семей қаласында 2 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ерлі-зайыпты 21 наурыз күні Мысырдан келген.