Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қар кешкіш аударылып түсіп, 8 жасар қыз қаза болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ақпан айының 5-і күні Малоубинка ауылының 35 жастағы тұрғыны елді мекеннің шетінде қар кешкіш көлікпен келе жатып, аударылып қалған. Осының салдарынан дене жарақатын алған 2012 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.