
Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, 5 ақпанда сағат 18.30-дан бастап өңірде ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында ( Қалбатау ауылы мен Семей қаласының аралығы) жүк көліктерінің және автобустардың қозғалысына шектеу қойылды.
Осы ретте, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
