06 қаң, 2017 сағат 13:06

Шаxандағы апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету шарасы өз жалғасын таппақ

Шаxандағы апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету шарасы өз жалғасын таппақ, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ақын Ақберен Елгезектің фэйсбуктағы жазбасына сілтеме жасап.

"Қазір ғана Шаханнан Ерекең хабарласты. Кешегі астаналық ағайын жинаған азық-үлік пен заттарды аман-есен жеткізіпті. Жұрт жапатармағай бөлісіп алды дейді. Әлі де зардап шеккен ағайын көмекке зәру екен. Әсіресе, алғашқы қажетті заттар дейміз бе, солар. Тіс пастасы, гигиеналық заттар, сабын, кір жуатын порошоктар, азық-түлік дегендей. Сол себептен, алғашқыдай көлемді болмаса да, кім немен көмектесе алады, бұрын көрсетілген мекен-жайға әкелсе болады. Сол себептен, #шаханкөмек шарасы жалғасатынын хабарлаймын", - дейді ол фэйсбуктағы жазбасында.


Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Елордадағы қазақтың бірқатар белсенді азаматы Шаxандағы апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және бұзылмайтын азық-түлік жинау шарасын бастаған болатын

Сонымен қатар, кеше түнде көмек үшін жиналған барлық қажетті дүниенің алғашқы легі жөнелтіліп, елді-мекен тұрғындарына жеткені хабарланған.

Игі істің басы-қасында жүрген азаматтардың қатарында: Ерлан Саиров, Ақберен Елгезек, Мұрат Әбенов, Дина Елгезек секілді елге танымал қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.


Ұлт порталы