02 қаң, 2017 сағат 08:39

Шахтинскідегі апаттан 9 адам қаза тапқан

Шахтинск қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Шахан ауылындағы төтенше жағдай туралы хабар Қарағнды облыстық ТЖД құтқару бөлімшесінде 1 қаңтарда сағат 22.40-та түскен. Оқиға орнына ТЖД-ның қызметкерлері мен көліктері үй тұрғындарын эвакуациялау үшін жіберілген.  

Ал кейін Иманқұловтың айтуынша, үйдің қирандысының астынан 9 адамның мәйіті табылған. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар қирандының астынан адамдарды іздеп жатыр.