14 қыр, 2023 сағат 19:06

Семейде қолына пышақ ұстаған әйел көшедегі адамдарды қорқытқан

Фото: Pixabay

Семейде қолына пышақ ұстаған әйел көшеде өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ өткізу барысында екі полицей әкімшілік учаскені аралау кезінде Перинаталдық орталық ғимаратының жанында қолына пышақ ұстаған әйелді байқаған.

Күдікті азаматша психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған. 

"34 жастағы әйел полиция бөліміне жеткізілді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, әйелден тәркіленген зат суық қару болып шықты.

ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр" - делінген хабарламада.