08 ақп, 2022 сағат 10:10

Семейде 29 жастағы жігіттің гаражынан қару-жарақ арсеналы табылды


Семей тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қаласында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр.

Оның аясында 29 жастағы ер адамның гаражынан 16 калибрлі «ЗК» және «ИЖ» маркалы екі тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 5,6 мм калибрлі «Страж» моделінің сигналдық револьверінен тұратын қару-жарақ арсеналы табылды.

Қазір тәртіп сақшылары аталған азаматтың бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жалғасып жатыр.