23 қаң, 2021 сағат 09:49

Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті

Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, оқиға 22 қаңтарда сағат 17:30 шамасында болған. 

Қазіргі уақытта Орталық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлім 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Бозбала қайтыс болды. Тергеу амалдарына байланысты оқиғаның жай-жапсары айтылмайды.