#
#
Сенбі 15/08/2020

Семей қаласында 7 эвакуация бекеті әзірленді

  • 14.01.2020
  • 0
  • 418

Ертіс өзені суының деңгейі төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертісте сең жүруіне байланысты өзеннің су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан Шығыс, Бейбітшілік елді мекендері мен Полковник аралындағы тұрғын үй алаптарын су басу қаупі туындаған еді. Бөлімшелер халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығына ескертілді, қауіпсіз жерге көшуге дайын», - деді Барат Дұзақбаев.

Оның айтуынша, Полковник аралындағы 1 тұрғын үйдің ауласына ғана су кірген. Аталған үйдің 8 тұрғыны, оның ішінде 3 бала эвакуациялау бекетіне орналастырылды. 7 ірі қара мал қауіпсіз жерге шығарылды.

Сонымен қатар, ол Семей қаласында 7 эвакуация бекеті әзірленгенін айтты.

«Олар: «Семей» қонақ үйі мен 6 мектеп. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіретіндей жағдай туындаса сонда орналастырамыз. Қазіргі уақытта Ертістің су деңгейі төмендеп келеді. Осы уақыттағы су деңгейі 445 см-ді құрайды. Ал қатерлі белгі 450 см. Ахуал бақылауда тұр», - деді ол.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні қала әкімі Ермак Сәлімов брифинг өткізіп, Ертістегі су деңгейі 478 сантиметрге көтерілгенін хабарлаған болатын. Сарапшылар түсіндіргендей, су деңгейінің көтерілуіне төменгі мұздың жиналуы себеп болған. Қала басшысы жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты ж едел штаб құрылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар