8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4 трлн 512 млрд теңге кіріс кірді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4 трлн 512 млрд теңге кіріс кірді. 194,5 млрд теңге немесе 104,5% жоспардан артық орындалды. Сондай-ақ, республикалық бюджет бойынша да жоспар 102,2%-ға артық орындалды. Нәтижесінде 3 трлн 83 млрд теңгеге кіріс кіріп, 67 млрд теңгеге артық қаржы түсті», - деді министр.
Осы орайда Бақыт Сұлтанов биыл жоспардың ойдағыдай орындалып жатқанын алға тартты.
«Ағымдағы жылғы жоспарды орындау өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны жағынын оң серпін байқалды. Мәселен мемлекеттік бюджеттің кірістері өткен жылмен салыстырғанда 367 теңгеге немесе 109%-ға ұлғайды. Оның ішінде 106% өсу қарқыны мен 172 млрд теңгесі республикалық бюджет бойынша, ал 195 млрд теңге жергілікті бюджеттер бойынша. Олардың өсуі 115,8% болып қалыптасты», - деді ведомство басшысы.