Жуырда Ирактан қазақстандық 14 бала елге қайтарылды. Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанға жеткізілген бұл балалардың аналары террористік әрекеті үшін Иракта түрмеде отыр. Сириядан қазақстандық азаматтарды елге жеткізу бойынша кешенді гуманитарлық «Жусан» операциялары барысында елге жалпы 550-ден астам қазақстандық жеткізілді. Олардың 390-нан астамы кәмелет жасына томаған балалар. Елге оралған қандастарымыздың қазіргі жағдайы қандай, олардың әлеуметтенуіне кімдер жауапты деген сұрақ төңірегінде терроризм және экстремизм мәселелерінің сарапшысы – Мейрам Иманбайұлымен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.
— «Жусан» операциясымен елге келген азаматтарымыздың қазіргі жағдайлары қалай, олар дұрыс жолға түсіп жатыр ма?
— Біздің басты мақсатымыз да Сириядан қайтарылған азаматтарымызды оңалтып, қоғамға бейімдеу және еліміздің мұсылмандары ұстанатын дәстүрлі жолға қайтару болып табылады. «Жусан» операцияларымен елге жеткізілгендер ең алдымен Ақтау қаласының маңындағы арнайы оңалту орталығына орналастырылды. Олармен қажетті жұмыстарды жүргізу үшін еліміздің барлық өңірлерінен теріс ағымдармен жұмыс жүрізіп жүрген ең тәжірбиелі психологтар, теологтар, үкіметтік емес ұйымдар тартылды. Қазіргі таңда барлық келген азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілуде. Сонымен бірге, біздің азаматтары оңалту бағытында үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын атап өту керекбүгінгі таңда министрлік әкімдікпен бірлесе отырып, зардап шеккендермен жұмыс істеу үшін үздік теологтар мен психологтарды іске жұмылдырған. «Біздің міндетіміз - қысқа уақыттың ішінде оралған азаматтарды тыныш, әрі, бейбіт өмірге бейімдеу. Түсіндіру және оңалту жұмыстары белгілі бір жемісті нәтижелер бар. Мәселен ол жақтан келген әйелдердің бірі алғашқы күндері фотоға түсуден үзілді-кесілді бас тартып, құжаттаудан өтуге келіспеген еді. Бірақ мамандар оның тілін тауып, қазіргі таңда ол әйел толыққанды оңалту курсынан өтуде.
— Сириядан оралғандар азаматтықтан айырыла ма?
— Әрине кейбіреулері Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысқан болуы мүмкін, оны да жоққа шығара алмаймыз. Сонымен қатар, Сирияда ешқандай қақтығыстарға қатыспаса да басқалай заң бұзушылықтарға қатыстылығы зерттелетін болады. Бүгіннің өзінде «терроризмді насихаттау», «террористік топтың әрекетіне қатысу», «діни алауыздық тудыру» баптары бойынша айыптар тағылғандар анықталып жатыр. Азаматтықтан айыру мәселесіне келер болсақ бұл еліміздің Конституциясы шеңберінде қаралатын болады.
Қазақстан Респубикасының Конституциясының 10-бабының 2-тармағында «Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ, оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластатуға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Респубикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен жол беріледі» деп көрсетілген. Яғни еліміздің азаматын азаматтығынан айыру соттың шешімімен ғана жүзеге асырылады.
Белгілі болғандай, 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқа елдердегі қақтығыс аймақтарына барып террористік әрекеттерге қатысқандарды азаматтықтан айыру мәселесін қарастыру туралы тапсырма берген болатын. Егер, Сириядан оралғандардың ішінде террорлық әрекеттерге қатысқан адамдар анықталған жағдайда оларды Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру сот шешімі бойынша іске асырылуы мүмкін.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша енгізілген азаматтықтан айыру мәселесі қақтығыс аймақтарында әлі жүрген адамдарға қатысты қарастырылып отыр.
Ал бұл істе нүктені сот қоятын болады. Бізде соғысқа араласып, Қазақстан соты үкімімен жазасын өтеп жатқандар да, өтеп болып бостандыққа шыққан азаматтар да бар.
— Елімізде экстремизм, терроризмге қарсы күрес белсенді жүріп жатыр, бірақ, әлі де жат ағымның жетегінде кетіп жатқан жастарымыз бар. Олардың діни ағымдарға тез еріп кетуінің себебі неде деп ойлайсыз?
— Қоғамның ең көп және белсенді тобы ретінде жастардың қандай мәселеге болса да қызығушылықтары жоғары болатындығы сөзсіз. Дін істері комитеті басқа да мүдделі мемлекеттік ұйымдар, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жастар арасында дәстүрлі ұлттық және тарихи құндылықтарды насихаттау, зайырлылық қағидаттарын ілгерілету, діни ағымдардың қаупін түсіндіру және олардың бойында теріс діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жастармен жүргізілетін жұмыстар жалпы орта мектеп оқушыларымен, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттерімен және үлкенді-кішілі еңбек ұжымдарындағы жұмысшы жастармен, өзін-өзі жұмыспен қамтушы және жұмыссыз жастармен ақпараттық-түсіндіру және алдын алу бағытында іске асырылуда. Әсіресе жастардың көп шоғырланатын орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса көңіл аударылып, осы мақсатта студенттік жатақханаларда жүйелі түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Атап айтып кетер болсам, 2015 жылы барлық өңірлерде жастармен 9 мыңнан астам тікелей іс-шаралар өткізіліп, онымен 760 мыңнан астам жастар қамтылды. Ағымдағы жылдың І тоқсанында түсіндіру жұмыстарымен 2 мыңға жуық әртүрлі форматтағы тікелей іс-шаралар өткізіліп, онымен 169 мыңнан астам жастар қамтылды.
2014-2015 оқу жылы Комитет Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес студент және оқушы жастармен республика аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын табуда.
Дін істері комитеті қазіргі күнде ҚР Білім және ғылым министрілігімен, еліміздің жастарының айтарлықтай кең тобын біріктіріп отырған «Жас Отан» жастар қанатымен және Қазақстан жастары конгресімен бірлесе отырып «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес түсіндіру және алдын алу жұмыстарын іске асыруда.
Дін істері комитеті жастармен жұмыс жүргізудің маңыздылығын ескере отырып 2015 жылы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен және Қазақстан жастары конгресімен арада ынтымақтастық туралы меморандумдарды бекітіп, қазіргі күнде бірлесіп жұмыстар жүргізудеміз.
Сұқбаттасқан
Асхат Ахмедиярұлы