06 ақп, 2018 сағат 12:31

Санаулы күннен соң төртжылдықтың басты додасы басталады

Санаулы күннен соң төртжылдықтың басты додасы басталады. Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиаданың басталуына да аз уақыт қалды. Төрткүл дүние асыға күткен дода әлемнің 92 елінен 2925 спортшы қатысады. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлады. 

Қазақстан ұлттық құрамасы 9 спорт түрінен 57 лицензия иеленді. Атап айтсақ: биатлон — 10, шорт-трек — 12, конькимен жүгіру спорты — 12, шаңғы жарысы — 7, мәнерлеп сырғанау — 3, фристайл могул — 4, фристайл акробатика — 5, тау шаңғы спорты — 2, шаңғымен трамплиннен секіру — 1, шана спорты — 1. 

Спортшылар саны ең көп ел әдеттегідей – АҚШ. Екінші орында – Канада. АҚШ-тың атынан барлық спорт түрі бойынша 142 спортшы қатысса, үйеңкі жапырақты елден 242 спортшы бақ сынайды. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысайын деп жатқан елдер де бар. 

Айта кетейік, Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет жеке команда ретінде 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өнер көрсеткен. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9–25 ақпан аралығында өтеді. Барлық спорт түрі бойынша 102 медаль сарапқа салынады.