Бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Елбасының табысы төмен жұмысшыларға салынатын салықты азайту туралы бастамасына орай бірқатар министрлікке тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Екінші бастама – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатын жұмыскерлерге салынатын жеке табыс салығының мөлшері 1 % болып қамтамасыз етілсін. Бұл жерде салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көтеруге бағытталуын қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеп, осы жылдың 1 шілдесіне дейін нақты ұсыныстар енгізілсін. Жауапты – министр Сүлейменов», - деді Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында.