- Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы саласындағы компанияларға ескерту жасап, сырттан теxника әкелуге тыйым салынбаса да, отандық өндірісті дамытуға басымдық берілетінін жекізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Біз ауыл шаруашылығы саласындағы шетелдік теxниканың қайсысы жақсы екенін көптен бері талқылап келеміз. «John Deer» ма, «Claas» па, бірақ, өзіңіз көріп отырсыздар, 20 жыл бойы келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Алайда, біреуі де Қазақстанға келіп, өз өндірісін ашпайды. "Иә, сендерге зауыт салып береміз, теxниканы құрастырамыз, шығарамыз!" деп жалаулатады. Бірақ әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Біз барлық жағдайларды жасап бердік. Дегенмен, «John Deer» да, «Claas» та келмей отыр. Себебі оларға осы жерде өндіріс ашқанша, дайын өнімді сатып, ақшаны ала салған тиімді. Жеңіл пайданы көздейді", - деді Б.Сағынтаев.
Үкімет басшысының айтуынша, ендігі кезекте сырттан теxника әкелуге тыйым салынбаса да, ауыл шаруашылығы саласындағы отандық өндірісті дамытуға күш салынады. "Бүгінде біз машина жасау өнеркәсібін қолға алдық. Тракторлар мен комбайндарды құрастыра бастадық. Енді, оны ары қарай дамыту қажет қой. Біз осы саланы қолдауға дайынбыз", - деп атап көрсетті Премьер-Министр.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста Үкімет басшысының орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, жаңа бағдарлама аясында ауыл xалқы миллиардтап табыс табатын болады.
Сондай-ақ ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген А.Мырзахметов, "Қазақстанға импортталатын ет тексерілмейді" деген Есеп комитетінің қорытындысына жауап берді.
Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова кәсіпкерлікті жаппай дамытудың жаңа бағдарламасы туралы айтып берді.