05 қыр, 2019 сағат 12:42

Сағынтаев Алматының тау туризмімен шектеліп қалуға болмайтынын айтты

Алматының туристік әлеуеті мол. Бұл туралы бүгін Бақытжан Сағынтаев қала активінің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы тау туризмімен шектеліп қалуға болмайтынын айтты.

Туристік кластерді дамыту кезінде қолда барды бағалауды ұсынды.

«Барлық істеп тұрған курорттардың инфрақұрылымын жақсартып, тамақтану, өмір сүру, комфорт деңгейін жоғарылату керек. Іскерлік, мәдени, спорт туризмі жағынан да Алматының мүмкіндігі зор. Барлық бағытта жұмыс жасаған жөн. Туристер бізге тек тауды көру үшін ғана емес Алматыны тану үшін келгені абзал», - деді Б.Сағынтаев.