11 нау, 2021 сағат 14:24

Садыр Жапаров Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ислам Кәрімов атындағы халықаралық әуежайда Садыр Жапаровты Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алды. 

Қырғызстан мен Өзбекстан көшбасшылары кездесуінің күн тәртібіне сындарлы саяси диалогты жалғастырудың, сауда, өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл және су шаруашылығы саласындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды кеңейтудің, парламентаралық және өңіраралық байланыстарды жандандырудың өзекті аспектілері енгізілген.