Алматы облысының кəсіпкерлері Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі штабына көмек жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, "SADU development" компаниясы Алматы қаласында коронавируспен күрес шараларына белсене қатысып жатқан медицина мамандарына, ІІМ, ТЖ жəне басқа да сала қызметкерлеріне этил спиртінің 18 мың флаконын жолдады.
"Алматы қаласы бізге нарық болғандықтан ғана емес, еліміздің рухани-мəдени орталығы ретінде де маңызды. Мұндай қиын жағдайда алматылықтарды жалғыз қалдырмаймыз. Еліміздің басқа өңірлері сияқты Алматы облысының кəсіпкерлері де мегаполистағы вируспен күрес шараларына қолдау көрсетуге əзір", - деді "SADU development" компаниясының директоры Ерлан Қожасбай.